Ресейдегі қазақтар Қазақстанға алғаш рет келген кезде, қандай нәрселерге таң қалғандары жайында бөлісті.
— сонашама қазақтарды көрген кезде, олар сенің туыстарың сияқты сезімде боласың және барлықтарымен амандасып шығуды қалайсың.
— қазақстандықтар ашық және жарқын жүзді, тіпті көшеде немесе қоғамдық жерлерде танысып кетуі мүмкін.
— кейбір кезде бұл қасиет артық қызыққұмарлықпен шектеседі.
— Астанада көп қазақтар еуропалықтарға ұқсайды.
— қалалық безендіру, орындардың дизайны, үйлердің қасбеттері ұлттық стильде жасалған. Бұл өте әдемі
— қазақстандықтар әлдеқайда ширақ болып келеді, жетістіктерімен бөлісуді ұнатады.
— қазақстандықтар үлкен жастағы бейтаныс адамға «әйел» немесе «ер адам» деп ешқашан айтпайды, олар құрметпен «тәте» немесе «аға» дейді.
— Қазақстанның қалаларында таксиді көше бойында ұстайды.
— Ресейдегі және Қазақстандағы қазақтардың сөйлеу мәнері, диалекттері ерекшеленеді.
— жергілікті адамдар туристерге көмектесуге тырысады.
— жергілікті қазақтарға орысша сөйлесең, олар елемеуі немесе қазақ тілінде жауап беруі мүмкін.
— Қазақстанда қазақтар өз арасында солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс болып бөлінеді және бұған қатысты көп стереотиптер мен әзілдер бар.
— Қазақстанда жүргізушілер дөрекі болып келеді, жолда бір-біріне дабыл қағып жүреді.
— қазақтар үкен кісілерге, әйелдерге, балаларға қамқор бола біледі, қоғамдық көліктерде әрқашан орын береді.
— қазақстандықтар қонақжай, тойларда және басқа іс-шараларда жгіттер қонақтардың тәрелкелері мен бокалдарының бос болмағанын қадағалайды.
— Қазақстанда көп орыстар қазақ тілін біледі және ұлттық тағамдарды дайындай алады.
Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Айгүл Күзенбаеваға, Әсел Мамбетоваға, Адия Мамбетоваға, Серік Нұрсамбаевқа алғысымызды білдіреміз.
Суреттің дереккөзі: imhotour.ru