Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Сапаралы Шерім техноблогтың дамуы, және де қазақ тіліне деген тренд жайында
972

10.03.2023

Сапаралы Шерім техноблогтың дамуы, және де қазақ тіліне деген тренд жайында

Сапаралы Шеріммен танысып, оның шығармашылығы туралы әңгімелестік.


Сапаралы Шерім, 24 жас, Алматы қаласы, блогер, @saparalysherim

IMG_9254.JPG

Өзі туралы

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Математика және компьютерлік модельдеу» мамандығында оқығанмын, алайда екінші курста сабақты тастадым. Ең басты себебі қаржылық жағдайыма байланысты болды. Мен грантта оқыдым, дегенмен жұмыс істеуіме тура келді.

Неше түрлі жұмыс жасап, әртүрлі бизнеспен айналыстым. Сөйтіп жүріп YouTube-қа келдім. Басында хобби ретінде айналыстым, бірақ бір кездерде ол маған көп табыс әкеле бастады. Әрі қарай сол техноблогпен айнала бастадым.

Шығармашылығы туралы

Менде қазір он адамнан тұратын команда бар. Олармен бірге біз бастапқыда басқа блогерлерге видео түсірдік, олардың YouTube-каналдарымен айналыстық. Бұл – осыдан үш жыл бұрын болған оқиға.

Ең бірінші мен Samsung компаниясымен жұмыс жасадым — олардың жаңа шыққан смартфондарына шолу жасадым. Ал қазір Oppa компаниясымен жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар Realme, Honor-мен жұмыс жасадық.

Біз видео түсірген кезде, шығарған контентіміз барынша сапалы болып шығуы үшін барымызды саламыз. Біз арнайы студия жалдап, кәсіби камера алып съемкалар жасаймыз. Соның арқасында үлкен компаниялар біздің сапамызды бағалайды.

Қазақстандық жастардың мүмкіндіктері туралы

Негізі бізде технология мен IT-саласы қатты дамыған деп айта алмаймын. Дегенмен бізде қазір банк және цифровизация салалары айтарлықтай дамуда.

Қазақ тілге деген тренд туралы

Менің ойымша, біздің осы трендке таңғалмауымыз керек. Біз Қазақстанда тұратындықтан, қазақ тілі әрдайым бірінші болуы керек — кез келген шара, ақпарат, тренд болсын. Қазіргі таңда бізде бірінші орында орыс тілі тұр.

Мәдениеттің дамуына тіл өте үлкен үлес қосады. Ол мәдениеттің және ұлттық идеологияның дамуына үлкен әсер етеді.

Ақыл-кеңесі

Мен барлық блогерлерді қарай беремін, бірақ нақты бір ұнайтын блогерім бар деп айта алмаймын. Және де қазіргі заманауи қазақ әншілерін тыңдамаймын, керісінше күй тыңдауды ұнатамын.

Қазақтардың жастарына беретін бір ғана кеңесім бар — өзіңе ұнайтын іспен айналысу.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу