Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/650/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/650a13090c7266c9788bb18ab5bfac6a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Семейдегі өмір үйрететін 9 дағды: өнерді сүю және қала тарихын білу
3336

02.02.2020

Семейдегі өмір үйрететін 9 дағды: өнерді сүю және қала тарихын білу

— өнерді сүюді. Қалада көптеген мұражайлар бар: Абай атындағы Ұлттық мұражай, Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Ф. М. Достоевский атындағы мұражай-үйі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Абай атындағы театр жақсы дамыған. Қаладан 180 шақырым жерде орналасқан Жидебайда Абайдың мұражай-үйі бар.

— бір-бірін құрметтеуді. Мұнда адамдар мейірімді, бір-біріне көмектеседі, қайырымдылықпен айналысады

64979037_163775408001104_3470710449974948765_n.jpg

— қонақжайлыққа. Семейліктердің мерекеледегі дастарханын еш нәрсемен салыстыруға келмейді.

— туған жерінің тарихын білу, әр маңызды датаны атап өту. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдығы кең көлемде атап өтіледі.

70129056_2400146946940812_3315676401471665061_n.jpg

— ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді құрметтеу, қала мұрасына құрметпен қарауды.

— туған жерінмен мақтану, оның дамуына өз үлесінді қосу. Семейліктер басқа қалалардың тұрғындарына ТМД-ғы жалғыз аспалы көпір, қарағай орманы, елдегі үздік медицина университеті, «Өлімнен де мықты» монументі жайлы айтқанды жақсы көреді.

65843711_468831957305871_2766756016430251283_n.jpg

— сүйікті орындарына берік болуды. Қалада жаңа орындар ашылуы мүмкін, бірақ тұрғындар 1962 жылы ашылған «Блинок» кафесіне барады.

— табиғат аясында демалу. Семейліктер қарағай орманына таза ауа жұтып, шаңғы тебуге жиі шығады. Көбісі демалысты Бейбітшілік деген жерде өткізеді. Онда биологиялық орталық бар.

74670559_176376800150157_3656954846362031178_n.jpg

— жаяу жүруді. Қала үлкен емес, қоғамдық көліктегі қиындықтарға байланысты көбісі жаяу жүреді. Бұл уақытты үнемдейді, денсаулыққа пайдалы және жол жөнекей таныстарынды кездестіруге болады.


Материалды дайындауда көмек көрсеткендері үшін Кульжамбекова Асель мен Исмагилова Айгеримге — @ismagilova_aigerim алғыс білдіреміз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу