Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Шетелде тегін оқуды қалайтындарға арналған 13 кеңес
3338

24.08.2019

Шетелде тегін оқуды қалайтындарға арналған 13 кеңес

дайындықты және құжаттарды жинауды ертерек бастау. Егер 11 сыныпта оқысаңыз, 9 сыныптан бастап дайындалғаныңыз жөн

— қажетті емтихандарды алдын ала тапсыру – осылайша артық жүктен арылып, басты нәрсеге – эссеге дайындалуға болады

— өтінімді беріп жатқан университеттің ресми сайтын зерттеп алыңыз. Сол жерде барлық сұрақтарға жауаптарды табасыз. Егер тағы да сұрақтарыңыз қалса, қабылдау комиссияға жазудан ұялмаңыз

Шетелде тегін оқуды қалайтындарға арналған 13 кеңес

— берілген тақырып бойынша эссе және мотивациялық хат жазған кезде, сауаттылыққа ерекше назар аударыңыз

— IELTS бойынша көрсеткішіңіз 6.0 — 6.5 балдан аспаса, ақпараты әрқашан жаңарып отыратын сайтқа жиі кіріп, әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылып қойыңыз

— гранттар жайындағы дереккөздерді әрқашан тексеріп отырыңыз. Бұл Fulbright немесе Chevening бағдарламалардың, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, университеттердің сайттары, сонымен қатар гранттар мен шәкіртақылардың жалпы тізімін, сипаттамасын және сілтемелерін жариялайтын агрегаттар болуы мүмкін. Гранттар тек елдер мен белгілі мамандықтар бойынша ғана емес, сонымен қатар гендерлік сипаттамалар бойынша – университет пен мамандыққа тәуелсіз қыздар мен әйелдерге берілуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар

— тиянақты дайындалыңыз – GPA-ны көтеру, портфолионы жақсарту бойынша жұмыс істеңіз, академиялық жағынан бөлек, ерікті ретінде әртүрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып, спорт, музыка саласында жетістіктерге жетуге тырысыңыз. Мысалы, егер сіз халықаралық олимпиадалардың жүлдегері болсаңыз, профильді пән бойынша Няньян техникалық университетінің грантына түсе аласыз. Бұл Сингапур елінің Білім беру министрлігінің гранты және аталмыш грантты Сингапурда үш жыл еңбекпен өтеу міндеттеледі

Шетелде тегін оқуды қалайтындарға арналған 13 кеңес

— географияға, отбасылық және қаржылық жағдайларға, оқыту мен зерттеу саласына байланысты әртүрлі топтағы студенттерге арналған көптеген мемлекеттік, жеке меншік және университеттік гранттар мен қаржылық көмек беріледі. Гранттар мен қаржылық көмек туралы ақпараттар ұсынылатын тарауларды тауып, мұқият оқып алыңыз

— көптеген гранттық бағдарламаларда кем дегенде үш факторға назар аударады: мотивациялық хатқа, тіл бойынша тесттің нәтижесіне және ұсынымхаттарға. Бұл элементтер жайында алдын ала ойластырып қойыңыз

— егер грантқа ие болмай, оқуға шақыру алсаңыз, міндетті түрде баламалы нұсқаларды ойластырып қойыңыз. Банктік несиеден бастап демеушілерге хат жазу сияқты барлық ықтимал жолдарды ойластырыңыз

— Шығыс Еуропа елдерінің университеттері Қазақстан үшін жеке гранттар бөледі. Бұл елдердегі жоғары оқу орындардың талаптары АҚШ немесе Англиядағыдай жоғары емес. 2018 жылы Венгрия үкіметі қазақстандықтар үшін оқуға қатысты барлық шығындарды өтейтін 200 толық гранттарды бөліп берді. Сонымен қатар бұл елдердегі өмір қымбатқа түспейді

Шетелде тегін оқуды қалайтындарға арналған 13 кеңес

— British Council, American Councils, DAAD, Campus France, Chevening, Fulbright, Endeavour Awards, The Swedish Institute сияқты үкіметтердің халықаралық бағдарламалары бар. Бірақ бұл бағдарламаларға өтінім берген кезде, қазақстандықтармен ғана емес, әлемдегі әртүрлі елдердегі үміткерлермен бірге грант үшін жарысқа түсесіз. Бұл бағдарламалар гранттарды аз бөледі және бәсекелестігі жоғары

— барлығын алдын ала жоспарлаңыз және дедлайндар туралы ұмытпаңыз. Көптеген халықаралық бағдарламалар көктемде және жазда ашылады, оған қоса құжаттарды қабылдау мерзімдері қысқа болады.


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Марат Райымхановқа, Камильдин Рахимовқа, Исатай Минуаровқа, Селимжан Чалышканға және Ади Бауржанұлына алғысымызды білдіреміз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу