Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Шетелдік университетке қалай түсуге болатыны және кампустағы өмір жайлы. Қазақстандық студенттердің тәжірибесі
957

17.03.2023

Шетелдік университетке қалай түсуге болатыны және кампустағы өмір жайлы. Қазақстандық студенттердің тәжірибесі

Қазақстандық студенттер шетелдік университетке қалай түсуге, жатақханаға орналасуға және кампуста тұруға болатыны туралы.


Ырысгүл Рүстемовна, 18 жаста, қаласы — Измир, студент, @rustemovna.g

Ырысгул Р


Оқуға қалай түскені туралы


Мен Измирдегі Dokuz Eylul университетінде Public Finance мамандығы бойынша оқимын.

Оқушы кезімде мен әртүрлі қысқа курстарға, соның ішінде бухгалтерлік курстарға қатыстым. Соның арқасында қаржы саласына жақын екенімді түсіндім.

Жергілікті диплом Еуропалық Одақ елдерінде және Қазақстанда мойындалғандықтан, мен Түркияны таңдадым. Елде тұруға рұқсат алу оңай, сондықтан виза және басқа құжаттар туралы алаңдамауыңызға болады.

Түркияға 11-сыныптан кейін түсе аласыз, бірақ бірнеше ерекшелік бар. Біріншіден, қабылдау емтихандары. Түрік университеттерінің көпшілігі халықаралық SAT, GRE қабылдайды. Бірақ кейбіреулер стандартталған сынақтардың өзіндік баламасын тапсыруды талап етеді — бакалаврлар үшін YÖS. Біреулер ҰБТ тапсырса, енді біреулерінде аттестат болса жеткілікті. Бұл ретте мемлекеттік университеттерде оқу құны жылына шамамен 200-600 долларды құрайды.

Екіншіден — тіл. Мұнда ағылшын тіліндегі бағдарламалар бар, бірақ түрік тілінде көбірек. Тілді білмей-ақ бакалаврға оқуға түсуге болады. Бұл жағдайда сізге университеттегі орынды сақтай отырып, бір жыл академиялық демалыс беріледі.

Кампустағы өмірі туралы


Мен шетелдік болғандықтан, жатақханаға орналастырды.
Ол университетке жаақын жерде орналасқан, бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз. Менің тамаша көршілерім бар, дегенмен түнделетіп думандатып жүретіндері де бар.

Студенттердің жатақханада тұруа алу үшін университеттер аз төлем алады. Біздің жатақхана блок типінде. Бір блокта бес адам тұрады: бір бөлмеде екеу немесе үшеуден. Мен өте жайлы бөлмеде тұрамын, онда екі кереует бар, әрқайсысында жеке кітап сөресі мен тумбочка, ортақ үлкен шкаф және сырт киімге арналған ілгіш, тамақ ішуге және оқуға арналған үстел, екі орындық бар. Блокта душ пен дәретханасы ортақ ванна бөлмесі бар. Сондай-ақ жатақханада жақсы бонустар бар: спорт залы, өздігінен оқуға арналған бөлмелер, кір жуу және үтіктеу бөлмелері.

Егер сіз кампуста тұрсаңыз, демек, студенттік шағыңыз қызықты өтеді. Айналаңда курстағы немесе бір саладағы достарың бар кезде, бұл көбірек оқуға ынталандырады. Оған қоса, университеттің кітапханалары мен арнайы кабинеттеріне жақын жерде тұрасыз. Бұл бейтаныс білім беру жүйесіне бейімделуді жеңілдетеді.

Шетелде оқу бір мезгілде қиын әрі қызықты. Шетелде мүлде басқа мәдениетке тап боласыз. Мен үшін шетелде оқудың жалғыз кемшілігі — отбасымнан жырақта тұру.

Ақыл-кеңес


Басты кеңесім — жаңа нәрсені бастап көруден қорықпау және мойымау.
Оқудан барынша көп нәрсе алып қалуға тырысыңыз.


Аружан Кәкібай, 22 жаста, қаласы — Рим, студент, @kairatovna_aru

Аружан К

Оқуға қалай түскені туралы

Мен Римдегі Sapienza университетінің Data Science мамандығында магистрантпын.

Менің университетім — Италиядағы ең үлкен университеттердің бірі. Құжат тапсыру кезінде АҚШ пен Германияны да қарастырдым.

Құжаттардың негізгі пакетін жинадым: IELTS сертификаты, ұсыныс хаттар, ынталандыру хаты, түйіндеме, транскрипт және оқу орнынан анықтама. Ең қиыны ынталандыру хатын жазу болды. Университеттен шақырту алғаннан кейін мен DSU стипендиясына құжат тапсырдым, ол үшін тағы бір-екі құжат дайындауыма тура келді. Биыл шәкіртақыны ғылымдағы қыздар үшін 8300 евроға дейін көтерілді.

Кампустағы өмірі туралы


Бірінші курс студенттеріне жатақханадан орын алу қиынға соғады, өйткені жоғары курс студенттеріне басымдық беріледі.
Университет жақсы жағдайларды жасайды, бірақ жатақхананың орналасқан жері әртүрлі болуы мүмкін. Кейде олар тіпті қала сыртында да болады.

Мен shared room-да тұрамын. Бөлмелері бөлек, дәл пәтердегідей, ортақ асүй бар. Жатақханада кір жуатын және оқу бөлмесі, сонымен қатар студенттерге арналған асхана бар. Аумағын жақсы күзетеді, әкімшілік те жақсы қарайды.

Біздің профессорлардың біліктілігі жоғары. Университетте бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізіліп тұрады, бұл түлектер үшін өте қолайлы. Емтихандарды тапсыру жүйесі ыңғайлы, пәнді қалаған нәтижеңді алғанға дейін тапсыра беруге болады.

Ақыл-кеңес


Шетелде оқу — басқа елде тұруға, сапалы білім алуға және саяхаттауға тамаша мүмкіндік.
Сондықтан барлығына шетелге шығуға кеңес беремін.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу