Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Шымкенттіктер мақтанатын 16 нəрсе
3570

05.03.2018

Шымкенттіктер мақтанатын 16 нəрсе

— Шымкент — жылы және шынайы қарым-қатынас қаласы
— Шымкенттіктер кеңдігі мен қонақжайлығымен ерекшеленеді
— Бұл қаладағы жол қозғалысы ерекше. Жүргізушілер өзінің ережелері бойынша жүреді және бірін-бірі түсінеді
— Қала орталығында орналасқан ерекше орын — Дендопарк. Ол 1979 жылы ашылған. Оның аймағында 600-ден астам өсімдіктердің түрлері бар.
— Бұл қалада күн өз шуағын 300 күн төгеді
— Шымкенттің жеміс-жидектері, қарбыздары мен қауындары әрдайым дәмді
— Шымкеттің кауаптары дәмді, әрі арзан. Және таңымал тандыр нандары бар
— Шымкенттіктер таудың суы мен қаланың ортасындағы бірнеше бұлақтағы мөлдір таза суымен мақтанады
— Композитор Шәмші Қалдаяқов, қазіргі әнұранымыз, «Менің Қазақстаным» әнін Шымкент қаласныда жазған
— Шымкенттің мемлекеттік жануарлар бағы тек жануарлардың жиналған жері ғана емес, сонымен қатар Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарларды өсірумен және сақтаумен ерекшеленеді.
— Шымкенттің жанында орнасқан тарихи Отырар қаласы біздің елдің сауда және діни астанасы болған
— Мұнда Бәйдібек Қарашұла сияқты қазақ билеріне, белгілі тұлғаларға арналған көптеген қасиетті жерлер бар
— Қаланың маңында Қазақстанның ең көне қоры — «Ақсу Жабағылы» орналасқан, ол сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің қазынасы.
— Ордабасы алаңы — алғаш рет үш жүздің хандарды жиналған және жоңғарларға қарсы соғыс стратегиясын қабылдаған тарихи орын.
— Мұнда Орталық Азиядағы ең ірі су қоймалары — Көксарай және Шардара орналасқан
— Шымкенттің тағы бір мақтанышы — минералды су көздерінің жанында орналасқан Сарыағаш шипажайы

Меню

Істер

Қала 24

Шолу