Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Сіз біле бермейтін бауырсақ түрлері
37706

23.03.2017

Сіз біле бермейтін бауырсақ түрлері

Ши бауырсақ

ши бауырсак.jpg

Құрамы:

2 стақан жылы су

500 грамм ұн

100 грамм сары май

1 жұмыртқа

1 шай қасық тұз

1 ас қасық қант

1 шымшым ас содасы

өсімдік майы


Жасалу жолы:

Ұнға ерітілген сары майды құйып, жұмыртқаны жарады да, бір шымшым ас содасын салады.

2 стақан жылы суға тұз бен қантты салып араластырады да, ұнға құйып, қамыр илейді. Ши бауырсақтар әдемі болып шығу үшін қамырды қатты етіп илеу керек. Содан кейін оны жарты сағатқа бетін жауып қояды.

Қамырды 3-4 бөлікке бөліп, 0,5 см қалыңдықта жаяды.

Бірнеше минуттан соң қамыр қатайған кезде 3-4 см қалыңдықтағы жолақтарға кесіп, әр жолақты 0,5 см-дей таяқшаларға бөледі.

Бауырсақты өсімдік майында сарғыш етіп қуырады. Ши бауырсақты кішкене төртбұрыш етіп те, ұзынша етіп те дайындауға болады.




«Тыштырмаға» арналған домалақ бауырсақ

круглые.jpg

Құрамы:

500 грамм ұн

300 мл сүт

20 грамм сары май

20 грамм ашытқы

1 ас қасық қант

1 шәй қасық тұз

50 мл су

1 жұмыртқа

өсімдік майы


Жасалу жолы:

Қант пен тұзды ыстық суда ерітіп алу қажет. Ал ашытқыны жылы сүтте ерітіп, оған жұмыртқа, қант пен тұз ерітілген суды, ерітілген сары майды құйып жақсылап араластырады.

Үстіне ұн салып, қамыр илейді. 1,5 сағатқа көтерілуге қояды. Бұл уақыт аралығында қамырды маймен әлсін-әлсін басып тұру керек.

Қамырды бірнеше бөлікке бөліп, оны жолақ пішінге келтіріп, ұсақтап кесу қажет. Ұсақ кесектерді домалақтайды. Бауырсақ пісіргенде үлкейетіндіктен оның диаметрі 2-2,5 см болғаны жөн.

Қыздырылған майда қызарғанша пісіреді.

Кішкене домалақ бауырсақ баланы бесікке салғанда жасалатын «тыштырма» дәстүрінің маңызды бөлігі болып саналады.




Ірімшік бауырсағы


Құрамы:

200-250 грамм ірімшік (майлылығы 9-18%)

1 жұмыртқа

3 ас қасық қант

жарты шәй қасық қопсытқыш (разлыхлитель)

100 грамм ұн

1 шымшым тұз

өсімдік майы


Жасалу жолы:

Ірімшік, қант пен жұмыртқаны араластырамыз. Қопсытқыш пен тұзды қосады. Үстіне ұнды сеуіп, араластырып, қамыр иленеді. Қамыр қолға кішкене жабысып тұруы керек.

Қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын домалақтап, қалыңдығы 3,5 см болатындай етіп жаю керек. Оны кішкентай бөліктерге бөледі.

Қыздырылған өсімдік майына қызарғанша қуырамыз.

Дастарқанға ыстық күйінде де, салықндай да беруге болады.




Тәтті қытырлақ бауырсақ

хворост хрустящий.jpg

Құрамы:

70 мл сүт

1 ас қасық қант

1 шымшым тұз

15 грамм сары май

650 грамм ұн

5 жұмыртқа

5 ас қасық қант ұнтағы

өсімдік майы


Жасалу жолы:

Ыдыста сүт, жұмыртқа, қант, тұз, ашытқыны жақсылап араластырады. Осы сұйықтыққа енді ұнды салу қажет. Қамыр илегенде оның жұмсақ болғаны жақсы.

Қамырды 15-20 минутқа қояды. Қатып қалмас үшін орамалмен жабу керек.

Содан кейін қамырды бірдей сегіз бөлікке бөліп, қалыңдығы 2 см болатын жолақтар дайындайды. Әр жолақты жаңғақтың көлеміндей бөліктерге бөлу қажет.

Қыздырылған майда қызарғанша қуырылады. Суығаннан кейін бетіне қант ұнтағын себу керек.




Пайдалы кеңестер:

Бауырсақты илегенде қолға күміс бұйымдар таққан жөн. Күмістің жағымды энергиясы бауырсақтың жұмсақ әрі дәмді болып пісуіне жақсы әсер етеді.

Ашытқы қосып дайындалатын бауырсақтың қамырын жиі-жиі басып тұру қажет.

Бауырсақ аса майлы болмауы қажет, сондықтан пісірген кезде майлыққа салып, майын сорықтыру керек.


Материалды дайындауға көмектескені үшін Нұрханова Элмира, Атамбаева Майра, Тоқтахметова Айнагүлге алғыс білдіреміз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу