Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7b2/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3u2z43vghh1bk1h6n72kpsx1e3z8vwow.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Стильді киінетін 10 танымал қазақстандықтар
1467

23.08.2024

Стильді киінетін 10 танымал қазақстандықтар

Сән әлемі елімізде күннен күнге дамуда. Сіз осы жұлдыздарды бақылайсыз ба?


Сара Шакет, @kiingsarah

14 ақпан 2002 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мектепті Алтын беліге аяқтап, UIB университетіне грантқа түскен. Бірақ оқу жылының соңында сүйікті блогына көбірек уақыт бөлу үшін оқу орнынан шығуға шешім қабылдаған. Қазіргі таңда Instagram мен TikTok желілерінде әртүрлі контенттерді ұсынады. Casual стильінен бастап classic стильіне дейін қамтитын блогерді бүгінде көптеген жастар сүйіп көреді.

Айым Рамазанова, @aiymaislove

Алматы қаласының тумасы. 2021 жылы Almau университетінің Big data and business analytics мамандығын аяқтаған. Instagram желісінде өзінің саяхаттары мен әдемі образдарын бөліседі. Ерекше эстетикаға толы парақшасында әртүрлі стильдердің үйлесімділік табатынын байқауға болады.

Дильназ Тулебаева, @tulebaeva.dilnaz

23 қаңтар 2002 жылы дүниеге келген. Астана қаласының тумасы. Өзінің ерекше стилімен және әлеуметтік желілердегі креативті идеяларымен танымал. Дильназ белсенді түрде сәнді трендтерді өз контентінде қолданады. Әртүрлі стильдер мен комбинациялармен жиі эксперимент жасап, өз ерекшелігін көрсететін бірегей образдар жасайды. Парақшасы визуалды контент, жоғары сапалы фотосуреттермен және эстетикамен ерекшеленеді.

Каусар Калдан, @kakausar

Астана қаласының тумасы. TikTok желісінде әртүрлі образдарды біріктіру арқылы түсірген видеоларының арқасында танымалбола бастады. Қазіргі таңда Түркия қаласында тұрады. Парақшасы көзден бірге түсетін іртүрлі образдарға толы.

Назгүл, @ddalqiwee

10 наурыз 2002 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Назарбаев университетінің социология факультетінің студенті. TikTok және Instagram желілерінде жастар арасында өте танымал. Нәзік, әрі таңғаларлық стильдерімен оқырмандарға ұнайды. Корей стильін ұстанатын блогер эстетикалық образдарын әрқашан жаңартып отырады.

Айжұлдыз Адайбекова, @aizhuldyz_adaibekova

27 жастағы отандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз желілерде қайталанбас образдарымен танымал. Әсіресе Instagramпарақшасындағғы сан алуан образдар стильдің қаншалықты ерекше екенін көрсетеді. Тек бір образда қалмайтын, блогер әлемдік дизайндардың бірігуін айқындайды.

Әсия Тұяқбай, @8asiya

Танымал ютубер әрі блогер өзінің сапалы әрі ерекше контенттерімен танымал. Өзінің стильінде көптеген қызықты әдістерді қолданып ұсынады. Ол адамдарды түрлі контентермен шабыттандыруды және қолдауды мақсат етеді, сондай-ақ оқырмандарына мотивациялық керемет видеолар жасағанды ұнатады.

Гүлсезім Хассен, @hsnglsm

Астана қаласының тумасы. Қазақстандық танымал блогер, әлеуметтік желіде өз стилі мен креативтілігімен танылған. Ол сән, сұлулық және өмір салты туралы жазбаларымен ерекшеленеді. Гүлсезімнің контенті сәнді трендтер мен күнделікті өмірдің үйлесімін көрсетеді, өз аудиториясына жеке стилі мен талғамын ұсынады.

Нұрай Жеткерген, @nunanuraii

18 жастағы өнерлі ару «Дәстүр» фильмі арқылы танымал. Өзінің парақшасында қазақи нақыштағы образдарды ерекше етіп ұсынып, барынша ұлттық киімдерді дәріптеуге тырысады.Ол өз суреттерінде әдемі композиция, түстердің үйлесімі және дұрыс жарықтандыруды қолданады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде әртүрлі детальдарды ерекше етіп ұсынуда.

Жанбота Қойлыбаева, @zh_jan_

Қазақстандық балерина әрі актриса өз парақшасында әдемі суреттермен, өзінің қайталанбас образдарымен танымал. Жанбота өз стилінде қарапайымдылық пен сәнділікті үйлестіреді. Оның таңдаулары әдетте классикалық элементтерді заманауи трендтермен біріктіреді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу