Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Студенттерге арналған несиелер, жалақының өсуі және ХҚКО-дағы жүргізуші куәлігі – 2019 жылы не өзгерді
3002

20.07.2019

Студенттерге арналған несиелер, жалақының өсуі және ХҚКО-дағы жүргізуші куәлігі – 2019 жылы не өзгерді

2019 жылға арналған АЕК және ЖТМ мөлшерлемелері

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР заңнамасына сәйкес айлық есептік көрсеткіші — 2525 теңгеге тең болады. Ал жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңгені құрайды.

Төлемдердің басқа да мөлшерлемелері бекітілді, толық ақпаратты осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.


Жалақының өсуі


2019 жылдың 1 маусымынан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысы өседі.

Толық ақпарат.


Жүргізуші куәлігін беру ережелеріндегі өзгерістер


1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін Қазақстанның ІІМ бермейді. Енді жүргізуші куәлігін алатын адамдар теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО-ның қызметкерлеріне тапсырады.

Толық ақпарат.


Ақша айырбастау пунктері жаңаша жұмыс істей бастайды


2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда валюталық операциялардың жаңа ережелері енгізіледі.

Ережелер қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны теңгемен сатып алған кезде валюта нарығындағы алып сатарлықты болдырмауға бағытталған.

Толық ақпарат.


Ақылы жолдарға арналған тарифтер


19 маусымнан бастап ҚР барлық ақылы жолдарына сараланған тариф енгізіледі. Бұл жол жүруді тездетіп, адамдардың уақытын үнемдеуі тиіс. Тариф бойынша жеңіл көліктердің жүргізушілеріне қолма-қол ақшамен төлеуге қарағанда онлайн жүйесі бойынша төлеу екі есе тиімдірек болады. Жүк таситын көліктердің төлем мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.

Тарифтер:

Нұр-Сұлтан — Щучье: қолма-қол төлем — 400 теңге, алдын ала онлайн төлем — 200 теңге

Нұр-Сұлтан — Теміртау: қолма-қол төлем — 400 теңге, алдын ала төлем — 200 теңге

Алматы — Қапшағай: қолма-қол төлем — 200 теңге, алдын ала төлем — 100 теңге

Алматы — Қорғас: қолма-қол төлем — 600 теңге, алдын ала төлем — 300 теңге.

Толық ақпарат.


КТ-дің өту ұпайы төмендейді


БҒМ магистратура гранттарынан үміткерлер үшін КТ-дің өту ұпайын төмендетеді. Байқауға қатысу үшін – 75 балл, ал ағылшын тілмен 50 балл жеткілікті болады.

Толық ақпарат.


Студенттерге несиелер беріледі


Қазақстандық студенттер еріктілік қызметті атқару арқылы оқу ақысын өтей алады. Еріктілік ұйымдардағы жұмыс үшін несиелер беріледі.

Толық ақпарат.


Суреттің дереккөзі: tengrinews


Меню

Істер

Қала 24

Шолу