Есенғали Ыбраев, 41 жаста, туған қаласы — Түмен, Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы, «Статус-ТМР» бас директоры, Қазақтардың бүкіләлемдік қауымдастық президиумының мүшесі
Өзі жайында
Мен Түменде туып өстім. Менің атам отбасымен осында Солтүстік Қазақстаннан келіп тұрақтанды. Анам да Солтүстік Қазақстанның тумасы. Мектептен кейін жұмыс істеу үшін, Түменге көшіп келді және осында әкеммен танысты.
Түмен облысындағы қазақ диаспорасы жайында
Түмен облысы Қазақстанмен шектеседі, сол себепті шектік аймақтарда көп қазақтар тұрады. Жалпы облыс бойынша қазақтардың саны 20 000 мыңға жетеді, ал Түменде 5000-нан асады.
Түмендегі қазақтар әртүрлі салаларда жұмыс істейді – кәсіпкерлер көп, оған қоса құқық қорғау органдарында, прокуратурада қызмет атқарады. Көбісі фермер шаруашылығымен айналысады. Менің ойымша, қазақтарға осында өмір сүру ыңғайлы.
Отаныңда болған кезде, сен өз аймағында екеніңді сезесің. Ал шет жерде жүрген кезде – барлық салт-дәстүрлерді қорғап, сақтауға тырысасың. Біз әлдеқайда мейрімдірек болып табыламыз, бір-бірімізге көмекке келуге дайынбыз. Қазақстаннан шет жердегі өмір бірігіп өмір сүруімізге септігін тигізеді.
Отаныңда болған кезде, сен өз аймағында екеніңді сезесің
Түмендегі қазақтардың үлкен буыны тілді жақсы біледі. Қазақстаннан келетіндер біздің салт-дәстүрлеріміздің жақсы сақталғанын атап өтеді. Әрине, өсіп келе жатқан ұрпақтың туған тіліне, салт-дәстүрлеріне байланысты қиындықтары бар. Бірақ көбісі балаларын Қазақстанға оқуға жібереді – олар азаматтық алып, сол жерде қалады.
Аудандарда тілді оқыту курстары, көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, әрбір аудан Наурыз мейрамын атап өтеді. Жыл сайын біз өзіміздің облысымыздан бөлек, Томск, Қорған, Челябі облыстарының қазақтары қатысатын Құрылтай мейрамын өткіземіз. Осындай мейрамдар аясында қазақ ұлттық спорт ойындары бойынша жарыстар өтеді, киіз үйлер құрылады, бешпармақ әзірленеді.
Түменде қазақтар арасында ұлтаралық некелер кеңге таралмаған. Барлығы көбінесе өз ұлтының өкілдеріне үйленеді. Менің ойымша, ұлтаралық некелердегі адамдар бір-бірінің мәдениеттерін түсінбейді және бұл қиындық туғызуы мүмкін.
Қазақстан жайында
Бұрын біз кітаптар, дисктер, кассеталар сатып алу үшін Қазақстанға баратынбыз. Біз өз мәдениетімізді білуге құмар болдық. Бірақ, қазіргі таңда, интернет болған кезде, кез-келген қазақстандық фильмді көру, сүйікті қазақстандық әншіні тыңдау мүмкіндігі бар.
Мен тарихи фильмерді ұнатамын, қазірде «Қазақ хандығын» көріп жүрмін. Димаш Құдайбергенов Ресей елінде де танымал. Оның жанкүйерлері мен өнерін қадірлеушілер көп.
Берік Қоспанов, 26 жаста, туған қаласы — Түмен, кәсіпкер
Өзі жайында
Мен Түмен облысында бес жасымнан тұрып жатырмын – менің отбасым 21 жыл бұрын осында көшіп келді.
Түмен облысындағы қазақ диаспорасы жайында
Түмен облысында шамамен 17 000 қазақтар тұрады. Бізде Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдастығымыз бар.
Осында салт-дәстүрлеріміз сақталған. Бірақ менің жасымдағы қазақтардың басым бөлігі қазақ тілін білмейді. Көбісі бәрін түсінеді, бірақ сөйлемейді.
Біз ұлттық мейрамдарды тойлаймыз. Мысалы, жыл сайын Құрылтай, Наурыз мейрамдары аталып өтеді. Барлық ауқымды іс-шаралар Автономияның ұйымдастыруымен және Түмен облысы үкіметінің қолдауымен өткізіледі.
Көптеген мейрамдар отбасылық ортада тойланады. Ауылдық жерлерде мерекелер үлкен салтанатпен ұйымдастырылып өткізіледі.
Қазақстан жайында
Мен Қазақстанға жиі барып тұрамын, себебі сол жерде көп туыстарым тұрады.
Ресейдегі қазақтар менталитеттерімен, жүріс-тұрыстарымен, сөйлеу мәнерімен ерекшеленеді. Үлкен айырмашылық бар деп айта алмаймын, бірақ Қазақстаннан келген студентті сленг бойынша бірден тануға болады. Сол сияқты ресейлік қазақтар да сөйлеу мәнерімен ерекшеленеді.
Ресейдегі қазақтар менталитеттерімен, жүріс-тұрыстарымен, сөйлеу мәнерімен ерекшеленеді
Біз Қазақстан жайында, оның әншілері мен әртістері жайында көп нәрселер білеміз. Көбісі үйлерінде қазақстандық каналдарды ұстайтын жерсеріктік құрылғыларды орнатады. Қазақстандағы танымал шоу-бизнестегі жаңалықтар түмендік қазақтарға да мәлім. Әсіресе, Тұрсынбекті атап өткім келеді. Бұл менің сүйікті әртісім.
Күлбаршын Қорғамбаева, 25 жаста, туған қаласы — Түмен, қазақ мәдениетіндегі той стиілінің дизайнері
Өзі жайында
Мен анам сияқты Түменде туып, өстім. Әкем Қарағанды ауданының тумасы – бұл Түмен облысының оңтүстік бөлігі. Менің ата-бабаларым 30-жылдардағы жұт кезінде осында қоныс аударды.
Түмен облысындағы қазақ диаспорасы жайында
Түмен облысында шамамен 20 000 қазақтар өмір сүреді. Бізде Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясы бар, сол жерде менің ағам Жантасов Есімхан Исаакұлы төрағалық қызмет атқарды. Біздің автономия он жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатыр.
Курстарда білімімізді бекіту үшін, қазақ тілінде қойылымдар қоятынбыз.
Мен қазақ тілін білемін, әжеммен тұрмыстық деңгейде, орыс сөздерін араластырып сөйлесе аламын. Түменде барлық ниеттілер үшін тегін қазақ тілі курстарын өткізілді. Курстарда білімімізді бекіту үшін, қазақ тілінде қойылымдар қоятынбыз.
Біз қазақ салт-дәстүрлерді сақтаймыз, барлық мейрамдарды атап өтеміз. Маған Құрылтай мейрамы айрықша ұнайды. Бұл бұрынғы таныстарың мен достарыңды кезіктіре алатын ерекше іс-шара. Құрылтайдың күні мен орны алдын-ала белгіленеді және барлығы уақыт тауып, қатысуға тырысады. Біздің қазақтар бұл ауқымды шараға қатысу үшін, тіпті 200-400 километр жол жүріп келуге дайын.
Ресейлік және қазақстандық қазақтар арасында айырмашылықтар жоқ. Көбісі жергілікті қазақтарды орыстанып кетті деп санайды, бірақ олай емес.
Қазақстан жайында
Менің көп туыстарым Қазақстанда тұрады. Кішкентай кезімнен ата-анаммен Петропавлға, Астанаға, Көкшетауға барып тұратынбыз, Бурабайға да баруды жақсы көретінбіз. Мен көшіп кету жайында бірнеше рет ойладым, бірақ жақындарымнан алысқа кету қиынға соғады.