Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

«Табақ тарту», «Асар» және «Қонақасы» — қазақ халқының ерекше салт-дәстүрлері
23591

05.02.2019

«Табақ тарту», «Асар» және «Қонақасы» — қазақ халқының ерекше салт-дәстүрлері

«Табақ тарту»


у.jpg

«Табақ тарту» — қазақтардың қонақтар арасында ет бөлудің дәстүрлі салты. Ерте заманнан қазақ халқы тамаққа, оны әзірлеуден бастап дастархан басына отыруға дейін үлкен көңіл бөледі. Дастарханды жаюға қатысты салт-дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған. Солардың бірі — «Табақ тарту».

«Бас табақ» — ең қадірлі қонақтарға, көбінесе ақсалдарға арналған табақ. «Сый табақ» — бұл да қадірлі, сыйлы қонақтарға – үлкен кісілерге қойылады. «Жастар табақ» — жастарға арналған табақ. «Жай табақ» — көпшілікке арналған табақ. Ет табақтарын дұрыс бөліп қоймау салт-дәстүрлер мен қонақтарды құрметтемеудің белгісі болып табылады.



«Асар»


77.jpg

«Асар» — туған-туыстар, достар немесе көршілер қиындықтарға тап болған адамға немесе отбасыға қайтарымсыз көмек көрсетуді көздейтін дәстүр. Бұл дәстүр бойынша отбасы өзіне үй салып жатқан кезде, туыстар немесе көршілер жиі көмекке келеді. Жұмысты аяқтағаннан кейін көмекке келген адамдар үшін мерекелік дастархан жайылады.



«Туған жерге аунату»


«Туған жерге аунату» —қазақтың бұл ежелгі дәстүрі бойынша ұзақ уақыт туған жерінен алыс тұрған адам қайтып орлағасын жерге аунату қажет. Бұл дәстүрдің негізінде туған елге деген ынтықтың белгісі көрініс табады.



«Тоқым кағар»


89.jpg

«Тоқым кағар» — алыс жолға шығатын адамдарға арналған қазақ дәстүрі. Дәстүрдің мәні – барлық туған-туыстары обасымен бірігіп адамды шығарып салады. Отбасы өз үйіне туыстар мен достарды жинап, дастархан жаяды, дастархан барысында қонақтар ақ жол тілеп, ақыл-кеңестерін береді. Әсіресе баласы немесе қызы ата-ананың үйінен кетіп жатқанда, бұл дәстүрді сақтап өткізудің үлкен мәні бар.



«Қонақасы»


67.jpg


«Конақасы» — қонақты қарсы алып, дәм татқызу бойынша қазақтың қонақжайлылық дәстүрі. Қонақты лайықты орнына отырғызып, дәмді тамақпен сый көрсетеді. Арнайы шақырылған қонақтарды «арнайы қонақ», кейздейсоқ жолшыны – «құдайы қонақ», күтпеген қонақты «қыдырма қонақ» деп атайды.



«Атқа отырғызу»


«Атқа отырғызу» — бозбаланы алғаш рет атқа отырғызудың салты. Қазақтар ежелгі заманнан жеке жылқыға және атқа салт мініп жүруге ерекше көңіл бөлетін. Жылқы қазақтың батырлары мен хандары үшін адал серік еді. Ұрыста қайтыс болған батыр мен жылқыны көбінесе бірге жерлейтін. «Атқа отырғызу» салты отбасыдағы келесі басымдылықты бозбалаға тапсыру мақсатын білдіреді.



«Бата беру»


809.jpg


«Бата беру» — үлкен жастағы кісілердің батасын алу
мақсатымен ұстанатын қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Ежелден бері
жолдың, сынақтың алдында маңызды салттарының бірі болып «Бата беру» салты саналады.
Батаны дәстүрлі түрде ақылгөй және ақсақалдар немесе үлкен жастағы кісілер
беретін. Қазақстанда және басқа жерлерде де «Бата беру» салты әлі күнге дейін сақталған.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу