Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f90/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/f90c502736e4faccd6cc9cb4ca5a0dc3.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Табиғи маталардан киім тігетін Орта Азияның 9 бренді
3562

23.06.2020

Табиғи маталардан киім тігетін Орта Азияның 9 бренді

BotAya, @botaya


BotAya.jpg

BotAya қазақстандық киім брендінің негізін салған апалы-сіңлі Айя және Бота Қырғызбаевалар. Олар өздерінің топтамаларында табиғи материалдар мен қол жұмысының элементтерін қолданады: кесте, пэчворк, макраме, керамика және экопринт.


AiSho, @aisho_atelier_


AiSho.jpg

Апалы-сіңлі Айман Орынбасарова мен Шолпан Нұрмұхамбетова негізін салған жас қазақстандық бренді. Жүннен, жібектен және зығырдан классикалық және casual стиліндегі киімдерді жасап шығарады.


Pentatonica, @pentatonica


Pentatonica.jpg

Pentatonica — Сәуле Джамиль және Кира Майешева негізін салған бренд. Зығырдан, табиғи мата мен теріден тігілетін киімдер минимализммен және әсемдікпен ерекшеленеді.


Laima, @laima_co


Laima.jpg

Laima — Альфия Іспергенова негізін салған қазақстандық бренд. Қыздар мен әйелдерге арналған киім тек қана сұлулық пен ыңғайлылық үйлескен табиғи итальяндық маталардан тігіледі.


DILBAR, @dilbar_kg


DILBAR.jpg

Қырғызстандағы Dilbar сән үйі люкс класындағы әйелдер киімін жасап шығарады. Бренд қағидаларының бірі – жоғары сапалы жүн, зығыр, мақта, тері, тон сияқты табиғи материалдарды қолдану.


La Sia, @_la_sia_


La Sia.jpg

La Sia — қырғызстандық бренд. Әйелдер көйлектерін жапондық және итальяндық жібектен және табиғи итальяндық трикотаждан тігеді.


Lali, @lalifashion


Lali.jpg

Lali — Лали Фазылова өзбек дизайнерінің бренді. Киім жарқын суреттермен, қол кестелерімен, ерекше өзбек өрнектерімен ерекшеленеді. Табиғи бояғыштар, 100% жібек пен мақта қолданылады.


Moel Bosh, @moelbosh


Moel Bosh.jpg

Moel Bosh — Зухра Инат және оның қыздары Диора, Додо мен Гузаль негізін салған өзбек бренді. Барлық киім табиғи маталардан және қолдан жасалады. Сондай-ақ бренд құрақ кесте техникасын қолданумен барлық маталарды қайта жасап шығару әдісін әзірлей бастады.


ZHIWJ, @_zhiwj_


ZHIWJ.jpg

ZHIWJ — Нафиса Имранова тәжік дизайнері негізін салған бренд. Зығыр, мақта, жібекті қолдана отырып, нәзік түстерде ыңғайлы киімдерді жасап шығарады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу