Мади Тоқтаров,
@mdeemusic
М’Dee псевдонимімен танымал болған Мади Тоқтаров 1999 жылы 4 сәуірде Қазақстанда дүниеге келген. Алматылық поп-музыкант және композитор — Musica36 лейблінің әртісі. Сегіз жылдық шығармашылығында 136 мың оқырман жинады. Әнші «Алматинский джаз» атты алғашқы жинағын 2018 жылы жарыққа шығарды.
Данеля Садыкова,
@dequiine
Данеля Асқарқызы Садықова 2000 жылы 2 қаңтарда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Данеля Садыкова — тәуелсіз хаслер. «Пьяная вишня» атты дебюттық жинағы тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де үлкен танымалдылыққа ие болды. Оқырмандар саны — 230 мың.
Мухамед Ахметжанов,
@thelimba
1997 жылы 13 желтоқсанда Қазақстанда дүниеге келген. Қазір Мұхамед Ахметжановтың The Limba сахналық псевдонимімен танымал, сондай-ақ басқа да әртістермен бірегей әндер жазады. Орындаушы қазіргі заманның басты хитмейкерлерінің бірі деп саналады.
Аслан Абдрахманов,
@asik_abdr
2004 жылы 26 наурыз күні, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Музыкаға деген қызығушылық мектеп кезінен басталған. Музыкалық жанрлардан көбінесе лирика ұнайды. Tungi qalada, Arabian, Paco Rabanne атты алғашқы үш әні бір жылдан астам уақыт бойы ең көп тыңдалатын композициялар тізімінде тұр. Ең шулы туындысы — «Клятвы».
Диас Аябек,
@introvert_xo
Диас Аябек музыкада 2013 жылдан бері. Jah Khalib-пен бірге 9MM продюсерлік орталығында жұмыс істеді. Ол қызға ұнау үшін музыка жаза бастаған. Жас кезінен, мәтіндер мен өлеңдер жазған.
Аяулым Құсайын,
@ayaumusic
Аяулым Құсайын, сахналық псевдонимі Аяу, небәрі 20 жаста. Ол Алматыдағы Чайковский атындағы колледждің төртінші курсын бітірген. Екі жыл бұрын қазақстандықтардың аз бөлігі Ayau әншісі туралы білмейтін. Бірақ sybyrlaiyn әні танымалдық жолын ашты. Бүгінгі таңда әннің аудио трегін пайдаланып, тек Instagram-да 30 мыңнан астам қысқа Reels түсірілген.
Мөлдір Есембек,
@
say_mo__
Мөлдір Есембек, 1997 жылы 8 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Say MO сахналық атымен ең танымал қазақстандық және ресейлік әнші, рэп, хип-хоп орындаушысы және ән авторы. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін ағылшын және корей тілдерінің аудармашысы мамандығы бойынша бітірген.
Садраддин Болат,
@sadraddinn
Болат Садраддин Ғалымжанұлы 6 маусымда Шымкент қаласында өмірге келген. Жастар арасында аса танымал. Жас және талантты орындаушы 2020 жылы өзінің шығармашылық қызметін белсенді дамыта бастаған.
Санжар Қарымсаков,
@plectogram
Қазір TikTok-та танымал болып келе жатқан әртістердің бірі — Plecto. Ол ерекше стилімен көпшіліктің назарын өзіне аударды. Қазақ тілінде әндер жазып, қазақ тілдегі әндерді дамытқысы келеді.
Мирас Жүгінісов,
@zhugunussov.mj
2000 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Мирас Жүгінісов — нәзік, лирикалық композициялармен ерекшеленеді. Ол жас болса да, мыңдаған адамның жүрегін жаулап алды десекте болады.