Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/caa/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0zciuuf50twujw393qh2cid4kvs19h4v.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
2273

25.12.2023

Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары

2023 жылы іске қосылған жаңа әуе бағыттарын жинадық. Енді Үндістанға, Таиландқа, Түркияға, Вьетнамға ұшу одан да оңай.


Алматы — Тель-Авив

7 қыркүйектен бастап Алматы — Тель-Авив тікелей әуе рейсі ашылды. Ұшулар Airbus A321LR лайнерінде орындалады.

Алматы — Манама

28 маусымнан бастап Қазақстан мен Бахрейн арасында жаңа чартерлік рейс іске қосылды. Оларды SCAT Airlines авиакомпаниясы орындайды.

Алматы — Джидда

Бірінші қазанда Air Astana авиакомпаниясы Алматы—Джидда бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосты.

Алматы — Мумбай

Жаңа бағыт қараша айында FlyArystan компаниясымен аптасына екі рет ұшу жиілігімен іске қосылды.

Алматы — Дели

FlyArystan Алматыдан Делиге тікелей рейстерді іске қосты. Олар 29 қазаннан сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Астана — Анкара

2023 жылдың мамырынан бастап Fly Arystan әуе тасымалдаушысы Астана — Анкара бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашты.

Астана — Анталия

Pegasus 16 қыркүйектен бастап Астана мен Анталия арасында сәрсенбі және сенбі күндері тікелей рейстерді іске қосты.

Түркістан — Әбу-Даби

16 қаңтардан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Wizz Air лоукостері Түркістан қаласынан Әбу-Дабиге ұшады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу