Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Томск қаласындағы қазақтар не себептен Ресейде тұрып, қазақ мәдениетін сақтауға тырысады
3678

15.03.2019

Томск қаласындағы қазақтар не себептен Ресейде тұрып, қазақ мәдениетін сақтауға тырысады

Дәулет Кунулеков, 32 жаста, туған қаласы — Шар, инженер-конструктор

0.jpg

Томск қаласындағы өмірі мен қызметі жайында


Мен 2011 жылы магистратурада оқу үшін Томск қаласына көшіп келдім. Бүгінде Томск қаласы политехникалық университетінің аспирантурасында оқып жатырмын.

Мен оқытушы қызметін атқара бастадым, ұйымдарға қызмет көрсетумен айналысып жатырмын, ғылыми-зерттеу және жобалық институтта инженер-конструктор болып істеймін.


Томск қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Томск қаласында қазақтар көп, біз мейрам күндері жиі жиналамыз. Ең кеңге таралғаны – Наурыз және Тәуелсіздік күні.

Жергілікті қазақтар ұлттық мейрамдарды атап өтуді ұнатады, достық күндерін жиі өткізеді, Томск қаласының тұрғындарына бауырсақтар дайындап береді, ұлттық ойындар өткізеді. Мысалы, біз Қыз қуу ойынын басқа нұсқамен ойнаймыз, себебі осында жылқыны табу қиын. Біз шеңберге жиналамыз, жігіт бір аяқпен секіріп қыздың соңынан қуады.

Осында тұратын қазақтар жетімдер үйлеріне, ардагерлерге және зейнеткерлерге көмектесуді, спорт іс-шараларын ұйымдастыруды ұнатады.

Отаныңнан жырақта тұрған кезде, үйіңді сағынасың, елжандылығың одан сайын оянады. Сол себепті өз ұлтыңмен, жақын адамдарыңмен көбірек араласуды қалайсың.

Көптеген жергілікті қазақтар тілді жақсы біледі және өз мәдениетін сақтауға тырысады

Томск қаласындағы қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар бір-бірінен қатты ерекшеленеді деп айта алмаймын, тек кейбір қасиеттері ерекшеленуі мүмкін. Көптеген жергілікті қазақтар тілді жақсы біледі және өз мәдениетін сақтауға тырысады. Жергілікті қазақтар осы қасиетпен ерекшеленетін шығар – ресейлік қазақтар бұл жайында көбірек ойланады, себебі оларда мәдениетті сақтау қажеттілігі бар. Бірақ бұл менің жеке пікірім, себебі мен туған тілінде сөйлейтін қазақтармен көбірек араласамын.

Қазақ жігіттері тек қазақ қыздарына үйленуі керек дегенде, әрбір адам өзі шешім қабылдайды деп санаймын. Мен ұлтаралық некелерді байыпты қабылдаймын, бірақ өзім қазақ қызына үйлендім. Соның арқасында біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз деп ойлаймын.


Қазақстан жайында


Мен Ресейде тұрып, қазақстандық ақпараттық алаңынан алыспын, тек ірі оқиғалар жайында біліп отырамын. Келешекте Қазақстанға көшіп кетуді жоспарлаймын, бірақ әзірге осында кәсіби тәжірибе жинауды қалаймын.


Арман Сейфуллин, 24 жаста, туған қаласы — Томск, инженер-қоныстандырушы

4.jpg

Өзі жайында


Мен Томск қаласында туып, өстім. Анамның ұлты орыс, ол Новосибирск қаласында туған, ал әкем Қазақстанда туған. Ол Астананың маңындағы ауылдан оқу үшін осында көшіп келді, кейін үйленіп, Ресейде қалды.


Томск қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Томск қаласы студенттік қала болғандықтан, осында білім алу үшін келетін қазақтар көп. Бізде әртүрлі іс-шараларды өткізетін диаспора бар. Тіпті жеке футбол командасы да болды, біз әртүрлі ұлтаралық турнирлерге қатыстық, жүлделі орындарға ие болдық. Сонымен қатар біздің диаспора Республика Күні, Наурыз сияқты мерекелерді ұйымдастырып, әртүрлі байқаулар өткізетін.

Біз отбасымызда қазақ тілінде аз сөйлесеміз. Сол себепті мен кейбір сөз тіркестерді немесе сөздерді білемін, бірақ көп емес. Дегенмен мен үлкендерді сыйлаймын, салт-дәстүрлерді ұстанамын. Біз туыстарымызбен сирек жиналамыз. Әдетте Тәуелсіздік Күнінде бізге қонақтар келеді және біз бұл мейрамды бірге атап өтеміз. Наурызды да отбасымыздың ортасында атаймыз.

Менің ойымша, Ресейде тұратын адамдар Қазақстанда тұратын адамдардан ерекшеленетіндей, ресейлік қазақтар мен қазақстандық қазақтар да бір-бірінен ерекшеленеді. Әсіресе, бұл айырмашылық жастар арқылы көрінеді. Мен күзде ағамның тойына барған кезде, Ресейдегі тойларға қарағанда барлығы әлдеқайда дәстүрлі түрде өткен болатын.

Әртүрлі елдердегі және әртүрлі қалалардағы қазақтар әрқашан араласып, бір-біріне көмектесіп отыратынын байқадым


Қазақстан жайында


Мен жылына бір рет тұрақты түрде Қазақстанға барып тұрамын. Менде Астана мен Алматыда туыстарым көп. Қазақстанға барған кезде, достарым менен қымыз алып келуді сұрайды. Қазақстанға барып, біраз жұмыс істеп көруді қалаған кездерім де болды, бірақ болмай қалды.

Менің видеограф ретінде АҚШ-да бейнебаяндар түсіретін және жақында Дудь журналисінің сұхбатында болған Айсұлтан Сеитов жайында естігенім бар. Сонымен қатар мен әкем қосып жүретін қазақстандық музыканы жиі тыңдаймын. Кейбір кезде біраз сөздерді де есіме сақтап аламын. Интернетте Қазақстан жайында түсірілген бейнероликтер жиі кездеседі.

Әртүрлі елдердегі және әртүрлі қалалардағы қазақтар әрқашан араласып, бір-біріне көмектесіп отыратынын байқадым. Бұл бізді біріктіреді.


Бекзат Мұхамбетжанова, 23 жаста, туған қаласы — Көкшетау, студент

13.jpeg

Өзі жайында


Мен Көкшетауда тудым, Алматыда оқыдым, кейін Томск қаласының басқарма жүйелері және радиоэлектроника мемлекеттік университетінің магистратурасына түстім.


Томск қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Томск қаласында бізде «Моонка» деген қоғамдастық бар. Кейбір қазақтар бізге келіп тұрады, жалпы, осында қазақтар көп.

Мен көшіп келгеннен кейін, бірден осы қоғамдастыққа кірдім. Біздің Қазақстанды танытатын әртүрлі іс-шараларға қатысып жүргенімізге екі жыл болды. 2018 жылы біз спорттық жарыстарға қатысып, өте жақсы нәтижелер көрсеттік. Қыркүйек айында біз ұлттық мәдениеттердің күнін ұйымдастырдық, бұл шараның аясында барлық жерлестер өздерінің салт-дәстүрлерін, билерін, әндерін көрсетті. Бір жылдың ішінде бізде бес-алты іс-шара өтеді.

Томск қаласында дәстүрлі қазақ отбасыларымен қатар өздерінің мәдениетін ұмытқан отбасылар да бар. Қалада ұлттық мейрамдар басқа халықтармен бірге аталып өтеді. Мысалы, қырғыздар Наурызды бізбен бірге атайды.

Қалада ұлттық мейрамдар басқа халықтармен бірге аталып өтеді

Қазақстандағы қазақтар Ресейдегі қазақтардан қатты ерекшеленбейді деп санаймын. Бірақ, менің ойымша, Қазақстаннан көшіп келген қазақтар тұйықтау және байыпты болып келеді. Барлығы менталитетке байланысты.


Қазақстан жайында


Маған қазақстандық фильмер ұнайды, әсіресе «Бизнес по-казахски», «Бизнесмены» және «Келинка Сабинка». Орындаушылар жайында айтар болсам, маған Қайрат Нұртас, Бейбіт Қорған, Жанар Дұғалова, Ninety One, Mdee, Abdr ұнайды, шынын айтқанда, маған ұнайтындар көп.

Оқуды аяқтағасын, мен еліме қайтуды жоспарлаймын, себебі маған үйде болу әлдеқайда жайлылырақ. Менің барлық туыстарым Қазақстанда тұрады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу