Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Волгоградтағы қазақтар қазақ тілін білу ниеттері жайында
3484

19.02.2019

Волгоградтағы қазақтар қазақ тілін білу ниеттері жайында

Бирман Испулаев, 26 жаста, Палласовка, Волгоград облысы, «Пушка» ивент-агенттігінің техникалық директоры

bptYxHaaWwk.jpg

Волгоград қаласындағы өмірі мен қызметі жайында


Мен Волгоград облысының Палласовка қаласында дүниеге келдім. 14 жасымда лицейге түстім және Волгоградқа көштім. Қазір мен жобалық жұмыспен айналысып жатырмын, сол себепті уақытым болған кезде, мен ата-анама барып, көмектесіп тұрамын – ата-анам шаруашылықпен айналысады.

Университетте мен филология факультетінде оқыдым және Қазақстанға барып, сол жерде орыс тілінен сабақ берсем жақсы болар еді деп ойладым. Кейін мен мұғалімдердің аз табыс табатынын түсіндім, сол себепті өз өмірімді бұл мамандықпен байланыстырмауды жөн көрдім. Мен ивент-агенттікте жұмыс істеймін, әрдайым жастармен араласамын. Маған бұл ұнайды.


Волгоград қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Волгоградта қазақтар көп. Бірақ менің ойымша соңғы бес жыл ішінде олардың көбісі кетіп қалды.

Мен жазда қазақ жастарына арналған кеш ұйымдастырдым, қанша адам келетінін тексергім келді. Мен іс-шараның жарнамалауына көп уақыт бөлмедім, дегенмен шамамен 150 адам келді.

Біздің қаламызда қазақ тілін оқытатын мектеп бар екенін білемін. Ал Волжскіде белсенді жұмыс жасайтын қазақ қоғамдастығы бар. Олар әртүрлі шаралар ұйымдастырады. Мысалы, қазақша күрес бойынша жарыс өткізеді.

Отбасы жайында айтар болсам, мен қазақ қызына үйленуім қажет деп санамаймын. Мен бұл таптаурынды қабылдамаймын. Барлығы адамға, оның тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын. Менде қазақ қыздары үй шаруашылығы бойынша ештеңе білмейтін және орыс қыздары салт-дәстүрлерді тез үйреніп алатын әртүрлі мысалдар бар.

Ресейдегі қазақтар үшін ең үлкен мәселе олардың салт-дәстүрлерді ұмытатындары болып табылады деп ойлаймын. Мен де көп нәрселерді білмеймін, бірақ үйге келгенде, сұрақтар қойып, жаңа нәрселерді білуге тырысамын. Мен қазақ тілін үйренуге талпынамын. Әжеммен сөйлесемін, айтылымды жетілдіруге тырысамын.


Қазақстан жайында


Біздің Қазақстанда туыстарымыз жоқ, бірақ достарымыз бар. Мен сол жерде кішкентай кезімде болдым, сол сапар есімде қалған жоқ. Сол себепті менде Қазақстан бойынша саяхат жасап, елді көріп қайту жоспары бар.

Менде Қазақстан бойынша саяхат жасау жоспары бар

Мен көрнекті қазақтар туралы естідім. Біз балалармен кино түсіріп жатырмыз және жақында мен бұл саламен Қазақстанда қызыға бастадым. Мысалы, біз Moldanazar-дың «Өзің ғана» әніне түсірілген бейнебаянды тамашаладық және маған қатты ұнады. Бұл өте жақсы талғаммен жасалған ән мен бейнебаян. Менің бір орыс досым видеомейкер болып жұмыс жасайды және ол бұл бейнебаянның режиссерін танитынын айтты, әрі оның парақшасын жіберді. Мен оған жаздым, біз хабарластық. Ол қарапайым және дарынды адам.

Видеомейкерлер арасында Қазақстаннан шыққандар көп. Олардың көбісі Штаттарда оқыды, кейін қайтадан оралып, күшті әртістермен жұмыс жасап жатыр. Мысалы, Айсұлтан Сеитов. Мен оның АҚШ рэперлері үшін түсірген бейнебаянын көрдім.

Оған қоса мен «Районы» деген қазақстандық фильмді көрдім. Маған актерлік құрамы мен түсірілімі ұнады. Мен қазақстандық өнер қайраткерлерін бақылауға тырысамын.


Диана Бекимбетова, 27 жаста, Волгоград облысы, оқытушы-ұйымдастырушы

NzZXJsVFT7k.jpg

Волгоград қаласындағы өмірі мен қызметі жайында


Мен Волгоградқа 2009 жылы көшіп келдім. Сол кезден бастап, осында тұрып жұмыс істеп жатырмын.


Волгоград қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Волгоград облысында көп қазақтар тұрады. Әсіресе Палласовский, Быковский, Николаевский аудандарында. Негізінен бұл жас отбасылар, бірақ үлкен жастағы адамдар да бар.

Волгоградта «Қазақстан мұрасы» деген қайырымдылық қор жұмыс істейді. Бұрын мен бұл қордың жанындағы қазақ ансамблінің құрамында болдым – біз ұлттық билер билеп, әндер орындайтынбыз. Бұндай ұйымдар бізде әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр.

Біз өзіміздің түпкі тамырымыздан алшақтамаймыз – ұлттық тағамдар әзірлейміз, дәстүрлі тойлар өткіземіз. Қазақ қоғамы жастар үшін іс-шаралар ұйымдастырады. Мысалы, көктем сайын қазақтар Наурыз мейрамын атап өтеді, киіз үйлер құрылады, жарыстар өткізіледі, әйелдер ұлттық тағамдар әзірлейді.

Біз өзіміздің түпкі тамырымыздан алшақтамаймыз – ұлттық тағамдар әзірлейміз, дәстүрлі тойлар өткіземіз

Мен қазаққа тұрмысқа шықтым және осылайша өмір сүру жақсырақ деп айта аламын. Біз өзіміздің салт-дәстүрлерімізді білеміз, барлығын жаңадан үйренудің қажеті жоқ. Қазақтар бір-біріне жақынырақ келеді.

Әрине, өзінің ұлттық дәстүрлерімен аса таныс емес адамдар да бар. Барлығы өзінің тегін, тілін біле бермейді. Барлығы ата-анаға байланысты, олардың балаларының бойларына өз ұлтына деген сүйіспеншілікті қаншалықты сіңіргендеріне байланысты. Отбасыда халық жайында, тарихи Отан жайында білім беру және қазақ тілінде сөйлеу қажет деп ойлаймын. Сонда бала бұл білімді өз бойына сіңіріп, қазақтардың кім екенін және өзі қазақ болып табылатынын біліп өседі.

Ресейдегі қазақтардың қазақстандықтардан айырмашылықтары бар. Бізге орыс менталитеті қатты ықпал етеді. Өкінішке орай, Волгоградта қазақ мектептері жоқ және ешкім қазақ тілінен сабақ бермейді. Қазақстандықтар біздің қазақ тілін білмегенімізді қабылдамайтындары мені таң қалдырады. Сол себепті қырым-қатынас кезінде кедергілер орнайды.


Қазақстан жайында


Менің әкемнің жанұясы Ресейде, ал анам Қазақстаннан. Сол себепті мен тарихи Отанымда жиі боламын, туыстарыма қонаққа барып тұрамын. Мен Алматыда, Оралда, Батыс Қазақстан облыстарының ауылдарында болдым.

Біз Қазақстанға келген кезде, бізді жылы және қуанышпен қарсы алады. Кейбір кезде мен көшіп кету жайында ойланамын, бірақ маған қорқынышты. Мен Ресейде туып, тұрып жатырмын, қазақ тілін жақсы білмеймін, үлкен буынмен араласу қиынға соғады.

Соңғы уақытта Димаш Құдайбергенов бүкіл Қазақстан мен Ресейді дүрліктіріп жүргенін білемін. Бұрын мен қазақстандық орындаушыларды бақылап жүретінмін. Мысалы, «КешYOU» тобы. Оған қоса «Келинка Сабина» фильмін қарадым. Қазақстандық кинематограф және музыкалық индустрия белсенді түрде дамып, заманауи болып бара жатқан сияқты.


Азиза Жумагалиева, 26 жаста, туған қаласы — Волгоград, менеджер

tDwgSOpOoHY.jpg

Волгоград қаласындағы өмірі мен қызметі жайында


Менің әкем әскери адам және біз 2005 жылы Астрахан облысынан Волгоградқа көшіп келдік.


Волгоград қаласындағы қазақ диаспорасы жайында


Волгоград және Астраханды салыстырсақ, осында қазақтар аз болып келеді. Бізде ВКонтакте желісінде 10 000 адам қамтылған қауымдастық бар.

Біздің қаламызда іс-шаралар өткізілетінін, ұлттық мейрамдар атап өтілетінін, кейбір уақытта қазақтар кездесетін әртүрлі кештер ұйымдастырылатынын білемін. Бірақ мен оларға бармаймын.

Бастысы – ұлт емес, бастысы – адам деп санаймын. Мен қыз қазақ, ал жігіт орыс және керісінше болып келетін жұптарды білемін. Және бұл қалыпты жағдай. Біздің отбасымызды айтар болсам, біз орыс дәстүрлерін көбірек ұстанамыз. Мысалы, ағамның және әпкемнің тойлары дәстүрлі түрде емес, заманауи түрде өткізілді.

Бастысы – ұлт емес, бастысы – адам деп санаймын

Менің ойымша Волгоградта туған тілін білетін қазақтар аз, мен де олардың қатарындамын. Жасөспірім кезінде мен ата-анамнан қазақ тілін үйретуді өтіндім, бірақ олардың өздері оны жеткілікті деңгейде білмейді. Мысалы, Ресейде кавказ отбасылары көп және олар өз отбасыларының ішінде туған тілінде сөйлеседі. Бірақ бізде олай емес.

Егер мен Қазақстанға барсам, елден ала бөтен болатын сияқтымын, себебі мен тілді білмеймін, қазақ дәстүрлеріне жеткілікті жақын емеспін. Қазақстанда осыған қатал қарайтын аймақтар бар.

Қазақстандық қазақтар Волгоградтағы қазақтарға қарағанда мейірімдірек болып келетін сияқты.


Қазақстан жайында


Мен Қазақстанда бір де бір рет болып көрмедім. Менің ниетім бар, бірақ мүмкіндігім мен уақытым жоқ. Менде Алматы мен Оралда туыстарым бар. Алматы, Астанаға бару жоспарымда бар.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу