Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

«Яндекс.Такси». Гелендвагенмен Бәйтерекке дейін 100 теңгеге барыңыз
15892

02.02.2017

«Яндекс.Такси». Гелендвагенмен Бәйтерекке дейін 100 теңгеге барыңыз

Мұхит Сейдахметов

27 жаста, туған қаласы — Алматы, «Яндекс.Таксидің» Қазақстандағы директоры



Толық атауы: Яндекс.Такси

Алматыда іске қосылған уақыты: 28 шілде, 2016

Астанада іске қосылған уақыты: 30 қараша, 2016

Қазақстандықтардың жүріп өткен қашықтығы: 4,5 миллион километрден асады



«ЯНДЕКС.ТАКСИ» ҚАЗАҚСТАНДА



«Яндекс.Таксиді» Astex Astana Smart City 2016 көрмесіне орайластырып, 30 қараша күні Астанада ресми түрде іске қостық.


Астанада іске қосылған бірінші күннен бастап тапсырыстар жақсы түсті. Бұл Алматыдағы қызмет ашылғаннан бері мұндағы халықтың тағатсыз күткенінен деп ойлаймын.

«Яндекс.Такси» біз үшін — біздің кәсібіміз, өміріміз, біздің команданың күдіз-түні айналысатын ісі. Біз миллиондаған адамның өмірін жеңілдететін қызметті жасап жатырмыз және бұл бізге күш береді.


«Яндекс.Такси» бұл — адамдарға қала ішінде ыңғайлы түрде орын ауыстыруға және ақшасы мен уақытын үнемдеуге көмектесетін қызмет.


Біз уақыт өте келе, таксидің жеке көлікті алмастыратынына сенеміз


«Яндекс.Такси» капотының астында бүтін Яндекс өнімдері мен технологиясының жиынтығы жұмыс істейді: өзіндік карталар, кептелістер, бағдарлау, компьютерлік бақылау және сөзді тану. Мұның бәрі қызметті автоматтандырып, мүмкіндігінше сапалы әрі арзан етуге көмектеседі. Айтпақшы, біздің көптеген бәсекелестеріміз де Яндекс. Навигаторды қолданады, мұның өзі мойындағандықтың белгісі.



Біз уақыт өте келе, таксидің жеке көлікті алмастыратынына сенеміз . Такси көлікті сақтандыруға, жанармайға, қызметке, сақтауға кететін шығындардан арылтады, сондай-ақ, автотұрақ іздеудің қажеті болмайды. Таксиде өз жұмысыңызды жалғастыруға немесе демалуға болады.

Кейде сауда орталығында жүргенде адамдардың өзара әңгімесінен: «Сыртқа шығып, көлік тоқтатудың не қажеті бар? Қане, Яндекс.Такси шақырайық?» немесе «Ой жоқ, ол қымбат қой, одан да Яндекс.Таксиге тапсырыс берейік?» дегенді естіп қаласың. Мұның бәрі жанымызға жылу сыйлайды. Сонда біз адамдардың шынымен біздің қызметті пайдаланатынын және оларға ұнайтынын түсінеміз.


«Яндекс.Такси» мыңдаған жұмыс орындарын құратын күнделікті қозғалыстың құралы ретінде таксидің жаңа нарығын қалыптастырады. Қолжетімді баға мен жылдамдығының арқасында адамдар таксиді көбірек қолдана бастады, демек, жүргізушілерге деген зор қажеттілік бар. Көпшілігі үшін бұл тек қосымша табыс қана емес, өз балаларын киіндіріп, қажеттіліктерін өтеуге төлейтін негізгі табыс көзі.


Яндекстің негізін салушылар Аркадий Волож бен Илья Сегалович Алматыда туған


Қазақстан біз үшін әлеуеті зор, өте маңызды нарық. Бұдан бөлек, бізге бұл ел қатты ұнайды. Яндекстің негізін салушылар Аркадий Волож бен Илья Сегалович те Алматыда туған ғой.


ҚЫЗМЕТТІҢ БАҒАСЫ




«Яндекс.Таксидің» бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан және Екатеринбургте бағдарлама әзірлеу кеңсесі бар. Ал қалаларда жүргізушілер дайындайтын орталықтарымызды аштық. Біз онда жүргізушілерді Таксометрмен жұмыс істеуге, қызметтік стандарттар – клиенттермен дұрыс сөйлесу, дау тудырған оқиғаларды қалай шешу керектігін және т.с.с. үйретеміз және қалай көбірек тапсырыс алып, мол ақша табуға болатынын да айтамыз. Көпшілігіне, тіпті, тәжірибелі жүргізушілердің өзіне күлімдеу, сыпайы болу және көлікте темекі шегуге болмайтыны таңсық нәрсе болып көрінеді. Ал біз бұларға ерекше көңіл бөлеміз.


Егер жүргізуші шылым шегіп, біз оны ерте ме, кеш пе, қолданушылар пікірінен білетін болсақ, онда жүргізуші бұғатталады. Сондықтан әр жол жүрген сайын біз жүргізушіні бағалап, пікір қалдыруын сұраймыз. Егер бірдеңе ұнамай қалса, бұл қызметтің сапасын арттыруға және жүйеде үздік жүргізушілерді қалдыруға өз септігін тигізеді.



Төмен баға алған және нашар пікір қалдырылған жүргізушілер жүйеде біржола бұғатталады. Мұндай жүргізуші таксопаркін ауыстырса да, басқа қалаға, елге көшсе де, «Яндекс.Такси» тапсырыстарымен жұмыс істей алмайды.


Қазір Астанада тапсырыстарды негізінен, Renault Logan, Kia Rio және Hyundai Accent орындайды., бірақ люкс класының автокөліктері де бар. Егер сіздің жолыңыз болып, жақын жерден мұндай көлік кездессе, сіз керемет көлікпен Эконом тарифімен жүре аласыз.


Карта арқылы төлем жасау қазірдің өзінде іске қосылған


Көпшілік «Бизнес» категориясына қызығады. Біз оны «Бизнес» көліктері «Экономдағы» сияқты 5-10 минутта тез келетіндей етіп, бұл класс бойынша лайықты автокөліктерді жинақтағаннан кейін іске қосамыз. Алматыда бұл үшін бізге екі айдай уақыт қажет болды.


Карта арқылы төлем жасау қазірдің өзінде іске қосылған. Және қолма-қол ақшам жетпей қалады деп немесе қайтарылатын ақшаны ойлап уайымдамаңыз. Жол жүрудің минималды құны 100 теңгені құрайды, бұл екі километр жол жүру құны. Әрі қарай әр километр 50 теңге тұратын болады және әр минутына 10 теңге қосылады.


ҚАЛАЙША «ЯНДЕКС.ТАКСИДІҢ» ЖҮРГІЗУШІСІ АТАНУҒА БОЛАДЫ



Біз тек таксопарктермен жұмыс істейміз және жүйемізге солардың көліктері мен жүргізушілерін қосамыз. Сәйкесінше, жүргізуші өзі келіп, бізге тікелей қосыла алмайды. Егер жүргізуші «Яндекс.Такси» қолданушыларынан тапсырыс алғысы келсе, серіктес таксопарктердің біріне жұмысқа тұруы шарт. Осылайша, әркім өз ісімен айналысады. Таксопарктер жүргізушілер жалдауға және тасымалдауға мамандандырылады, ал біз бағдарламамен қамту негізінде тапсырыстарды көбейту және көліктің тез келуі, қолжетімді баға, ал жүргізушілерде жеткілікті табыс болуы үшін барлық жүйені құрумен айналысамыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу