facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ysta-anday-sport-t-rler-men-aynalysu-a-bolady-zh-ne-ol-sh-n-anday-zhabdy-tau-azhet
logo
Қыста қандай спорт түрлерімен айналысуға болады және ол үшін қандай жабдықтау қажет

19.11.2017

Қыста қандай спорт түрлерімен айналысуға болады және ол үшін қандай жабдықтау қажет

Турдиев Арман, 22 жас, кроссфит жаттықтырушы, диетолог


Коньки тебу


aufberg-1113-18.jpg

Коньки тебуге жай ғана ойын-сауық ретінде қарауға болады, бірақ сонымен қоса онымен үнемі айналысуға болады. Конькимен жаттығу кезінде аяқ, арқа, яғни арқаның астынғы бөлігі — бел белсенді жұмыс істейді, пресс, іштің қиғаш бұлшықеттері жаттықтырылады.

Конькимен тебу жаттығулары әр түрлі болуы мүмкін. Интервалды жаттығу жасауға немесе күштік жаттығу жасауға болады — яғни жылдамдыққа, шыдамдыққа. Егер спортшының тәжіриесі жеткілікті болса, ол өзіне өз бетімен жаттығулар кестесін құра алады. Мысалы, аптасына екі жаттығу: бірінші жаттығуда тек шыдамдығын тексерсе, ал екіншісінде машықтығын, техникасын арттырады. Жаттығуны енді ғана бастағандар үшін дұрыс техниканы меңгеруге өте маңызды, себебі мұз үстінде құлағанда да, дұрыс құлау керек. Адам бұл спорт түрі жарақатқа көп және қауіпті спорт түрі екенін түсінуі қажет, және егер оның қажетті тәжірибесі болмаса, оған бастапқы кезеңде білікті нұсқаушыға жолығуы қажет.

Конькині таңдау барысында табанды дұрыс тұрақтауға үлкен көңіл бөлуі керек, сондықтан жалданған конькилерді алу мүмкіндігін бірден жоямыз. Қазіргі кезде конькилердің таңдауы көп — әуесқойлықтардан бастап кәсібилерге дейін,және жаттығулар үшін әуесқойлық конькилер жеткілікті болады, ең бастысы олар аяқ өлшеміне дәл және аяқ 100%-ға тұрақты болса болды. Тағы қауіпсіздік өте маңызды:құлау кезінде жарақаттанбау үшін тізеқаптар, шлем, қолғаптар. Киім де ыңғайлы, қимылды қыспайтын болуы керек. Ол ауыр болмауы керек, себебі мұз үстінде температура төмен, және егер адам спортпен айналысу барысында терлей бастаса, ол ауырып қалуы мүмкін. Осындай жағдай болмауы үшін, жылуды сақтайтын, жеңіл киімді, яғни термо киімді кию керек.




Шаңғымен жаттығулар


02_junior_08_09_low.jpg


Шаңғымен жүгіру — бұл шыдамдықты тексеруге арналған жаттығу, қашықтықтық жұмыс. Бұл жерде жұмыс жүктемесі бір қалыпты емес, үнемі өзгеруі мүмкін. Мысалы, бұл орташа қарқындағы 10 километр немесе жылдам қарқындағы 5 километр болуы мүмкін. Жаңа бастағандар үшін бірінші айда 2-3 километр жеткілікті болады. Тағы бастапқы кезеңде техникаға және жұмысқа ерекше көңіл бөлу өте маңызды. Әуесқой үшін осындай 2-3 жаттығу — жеткілікті. Жаттығулар кезінде бүкіл бұлшықеттер жұмыс істейді: аяқ, арқа, қол, кеуде бұлшықеттері.

Бұл спорт түрінде жабдықтауды таңдау оңайырақ болады. Әрине, жаңа шаңғыны сатып алу қымбат болуы мүмкін, бірақ оларды жалдап алуға болады, сонда сізге шаңғыны дұрыс таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бұл жерде де аяқ киімді табанның тұрақтығы үшін дәл өлшем бойынша таңдау маңызды. Жүгіруге арналған және таудан түсуге арналған шаңғылар бір-бірнен сәл ерекшеленеді. Астанада таудан түсуге болатын жерлер жоқ, бірақ шаңғымен жугірумен айналысуға болады. Ал егер таушаңғы курорттары бар Алматы туралы айтсақ, бұл жерде өзгеше шаңғы мен жабдықтау қажет болады. Киім осында да жеңіл, мүмкіндік болғанша ыңғайлы және су өткізбейтін болуы керек.

Жаттығу кезінде жеңіл тамақ ішу тыйым салынады, бірақ су ішуге болады. Кез-келген жаттығу кезінде су ішу өте маңызды, себебі терлеу барысында ағзадағы судың жетіспеушілігі қайта толтыру қажет.




Сноуборд тебу


Fotolia_78805872_Subscription_Monthly_M-1024x682.jpg

Сноубордингте, басқа спорт түрлерінде сияқты, бірнеше бағыттары бар: шапшаң түсу, элементтер мен трюктерді орындау. Әр бағыт үшін өзінің жеке жабдықтауы бар, олар салмағы мен ұзындығы бойынша ерекшеленеді. Бұл спорт түрімен айналысуға енді бастағандар бұл спортқа абайлап қарау керек. Сноубордты игеру ауыр, жарақатты және қауіпті барыс. Бордта тұруға үйрену , жерден дұрыс тұру, бордты дұрыс кию өте маңызды. Сондықтан бұл жерде міндетті түрде нұсқаушы болуы керек. Бұл спортпен айналысу кезінде тұрақтандырғыштар, бел бұлшықеттері жұмыс істейді, аяққа статистикалық күш салынады.

Жабдықтауды таңдау барысына ерекше көңіл бөлу қажет: сноубордқа, тіреуіштерге, арнайы аяқ киімге. Қауіпсіздік үшін міндетті түрде шлем, тізеқаптар. Көп киім кимей, тиімді киіну керек: термо киім, оның үстіне арнайы су өткізбейтін таушаңғы костюмі. Үлкен жылдамдықта желден және қардан сақтайтын көзілдірік киінеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
2023 жылғы Қазақстанның ең жарқын спорттық оқиғалары
2023 жылғы Қазақстанның ең жарқын спорттық оқиғалары
Қазақстанның ең танымал 10 спортшысы
Қазақстанның ең танымал 10 спортшысы
Балаларға спортты сүюге көмектесетін 10 кеңес
Балаларға спортты сүюге көмектесетін 10 кеңес
Марафонға қатысуға шабыттандыратын 7 фильм
Марафонға қатысуға шабыттандыратын 7 фильм