Астанада еліміздің басты оқиғасы басталғалы бері түрлі шаралар өткізу қолға алынды. Солардың бірі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО КУБОГІ» 11 маусым күні Астанадағы «Қазанат» атшабарында болып өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан шабандоздар қатысты. Жарыс бағдарламасына аламан бәйге — 25 шақырым, топ бәйге — 15 шақырым, жорға аттар жарысы — 7 шақырым, құнан бәйге — 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарысы енді. Ұшқыр аттар жарысы бойынша РФ, Қырғызстан, Өзбекстан, Польшадан қатысушылар келді.
Жарыстың үзілісі кезінде «джигитовка», «теңге ілу», «жамбы ату», қыз қуу», қазақы тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Мұндай ауқымды шараның басы-қасында болып қайтқан БІЗ сіздерге жарыстың қалай өткенін баяндайтын суреттерден тұратын фоторепортажды ұсынамыз.