Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Ақтөбеліктердің 17 белгісі
21952

02.12.2016

Ақтөбеліктердің 17 белгісі

Ақтөбеліктердің 17 белгісіИсточник: vsamolete.kz

1. Ақтөбенің тұрғылықты халқы, ерлері болсын, әйелдері болсын ержүрек, айтқанынан қайтпайтын мақсатшылдығымен және бірбеткейлігімен ерекшеленеді. Бұл өңір қазақтарының көп бөлігі Кіші жүзге жатады.

Мысалы, Кеңес Одағының Батырлары – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловалар – Батыс Қазақстанның тумалары. Тіпті, «Ұлы жүзге құрық беріп – малға қой, Орта жүзге қалам беріп – дауға қой, Кіші жүзге найза беріп – жауға қой» деген мақал да бар.

2. Ақтөбеде көрісу салты жақсы сақталған. Жыл сайын қысқы аяздардан соң, бұл аймақтың тұрғындары достарына, туыстары мен көршілерінің үйіне құттықтап, қонаққа барады.

3. Ақтөбелік келіндер, әсіресе, үйге қонақ келгенде басына орамал тағуы шарт. Дастарқаннан ыдысты алғанда, иіліп, үлкендердің батасын алуы тиіс.

4. Ақтөбеде қаланың керемет көрінісі түгелдей көрінетін «Махаббат тауы» немесе «Түйе тауы» бар. Жазда ғашықтар, күйеу жігіт пен қалыңдықтар осы жерге келіп тілек тілейді, ал қыс кезінде ақтөбеліктер бұл таудан шанамен сырғанайды.

5. Ресейге жақын орналасқандықтан, мұнда туып өскен адам бір рет болса да көрші елге барып көрген. Дәл осы себептен де ақтөбеліктер ресейлік өнімдерді көп тұтынады.

6. Ақтөбенің тұрғындары құрт пен жентті сүйіп жейді.

7. Ақтөбенің диалектілері басқа өңір тұрғындарына дөрекі болып естіледі. Мысалы, олар «сіріңкені» «шырпы» деп атайды.

8. Ақтөбеліктер жақындарынан айырылған қазалы үйге «арты қайырлы болсын» немесе «қайырлы болсын» дейді. Ал бұл сөз кей өзге өңірлерде құттықтау сөз ретінде қолданылады.

9. 80-жылдары дүниеге келген ақтөбеліктер «Льдинка» балмұздақ кафесін жақсы біледі.

10. Нағыз ақтөбелік бала күнінен ақтөбелік теңізде болған.

11. Ақтөбелік тұрғын Алматыдан гөрі Мәскеудің жақын екенін біледі.

12. Шанхайдан Мәскеуге дейін «Космос» арқылы оңай жетеді.

13. Нағыз ақтөбелік «Вконтактеге» дейін «Контактіде» болған.

14. Пушкин паркіндегі «Ромашкаға» барып көрмеген ақтөбелік жоқ шығар.

15. Әр ақтөбелік тұрғын «101-ші атқыштар дивизиясы» көшесімен бірнеше квартал жүрсе, ашық далаға шығып кететінін біледі.

16. Ақтөбелік тұрғын Тургеневтің бойынан бір рет болса да, кәуап жеп көрген.

17. Ақтөбенің тұрғылықты адамдары жақсы жігіттердің түлкі немесе қасқырдың ауласында және басқа да аулаларда өскеніне сенеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу