Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандықтар АҚШ-та, Германияда және Түркияда тұрмысты қалай түзейді
4681

17.11.2017

Қазақстандықтар АҚШ-та, Германияда және Түркияда тұрмысты қалай түзейді

Ринат Елемесов, 31 жас, туған қаласы – Павлодар

Тұратын елі – АҚШ, Лос-Анжелес


WhatsApp Image 2017-11-14 at 18.20.45.jpeg


Америкалық тұрмыс,әлемнің барлық өркениетті елдерінде секілді, кәдімгі: таңғы тоғыздан кешкі беске дейінгі жұмыс, түрлі мекемелер, кешкі ас, теледидар, компьютер, спорт залы және барбекюі бар көңілді демалыс.

Көптеген дүкендер мен әмбебап дүкендер тәулік бойы жұмыс істейді, бірақ мереке күндері жабылады. Тауарлардың және азық-түліктердің түрлері шексіз. Американдықтар – ірі тұтынушылар, кез-келген орташа статистикалық үй шаруасындағы әйелдің,жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарамастан, тоңазытқышы тамақтан және жартылай фабрикаттан толып тұрады, көп жағдайда олар бұзылылып,оларды жай ғана тастай салады. Органикалық супермаркеттерде дәл сондай азық-түліктер сатылады, бірақ олар анағұрлым жаңа піскен және ГТӨ мөлшері азырақ.


Американдықтар – ірі тұтынушылар, кез-келген орташа статистикалық үй шаруасындағы әйелде жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарамастан, тоңазытқышы тамақтан және жартылай фабрикаттан толып тұрады


Демалыста белгілі бір көрші штатта жәрмеңкелер және жаппай сатылымдар жүргізіледі. Сол жерге бару – бұл біздің базарларда болып қалу сияқты. Бұл жерде ақша жұмсап,саудаласуға болады, және сонда жанын жеңілденеді.

АҚШ-тың ірі қалаларында бүкіл әлем елдерінің барлығының тағамдары бар, бірақ әр өкілет оның үйінде анағұрлым жақсы әзірленеді деп айтады. Көбінесе бұл фастфуд елі, бұл жерде «бірінші ас,екінші ас және компот» дегені жоқ. Бірақ бургерлер,сэндвичтер, бөлкелер, газдалған сусындар және кофе көп. Бірақ үнемі өз-өзіне тамақ әзірлеуге мүмкіндік болады.


Ринат.jpg


Американың көлік жүйесі әдеттен тыс және ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. Ірі қалаларда автобустар мен метро қаланың әр бір жеріне аман-есен жүріп,жеткен уақытта,шағын қалаларда олар мүлде жоқ. Автобуспен жүрудің бағасы шамамен 2-3$, бағасы штат пен қалаға байланысты. Такси қымбат, есептеуіш бойынша. Америкада пойыздар жүйесі маған белгісіз себептен аса дамымаған, сондықтан ол қымбат және әрдайым тиімді емес.

Америкада киімнің бүкіл брендтері бар. Басым көпшілігі casual стилін киеді,әдетте бұл әлеуметтік топтардың айырмашылығын сездіртпейді. Бірақ жартылай жыртылған кроссовкимен және созылып кеткен жейдемен жүрген милионерлер – бұл әдеттегі зат және адамдардың кәдімгі таңдауы. Әрине гламурды және қымбат та бар. Жылы киім жайлы айтсақ: сіз бұл жерде жүн нәскині, жылы бас киімді және қолғапты таба алмайсыз. Оның орнына термо іш киім және жасанды теріден жасалған бас киім.




Мадина Бектаева, 27 жас, туған қаласы – Петропавл

Тұратын елі – Германия, Геттинген


Мадина (2).jpg


Тұрмыс Қазақстанда да, Германияда да – бұл қайта-қайта қайталанатын істер: ас дайындау, үй жинау және сатып алулар. Маған лайықты супермаркеттерді табу үшін және күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді сатып алу үшін көшуден кейін бірнеше апта қажет болды.

Германияда әмбебап дүкендер көп,тіпті шағын қалаларда да аз емес. Көп жағдайда олар 22:00-ге дейін жұмыс істейді, ал жексенбі күні жабық. Олар бағалық дәрежелер бойынша айырылады: әлеуметтіктен бастап,яғни Aldi, қымбатына дейін, яғни Тегута, сонымен қоса ұсынылатын тауарлар мөлшері бойынша айырылады. Егер Netto дүкенінде күнделікті тұтынудың тауарлары сатылса, Real дүкенінде киімді де, кітапты да,тұрмыстық техниканы да сатып алуға болады.

Әр апта сайын демалыс күндері таңғы 8-ден түскі 12-ге дейін жәрмеңкелер өткізіледі. Осындай жаппай сатуларда үнемі түрлі әдемі және арзан заттарды сатып алуға болады.


Тұрмыс Қазақстанда да, Германияда да – бұл қайта-қайта қайталанатын істер: ас дайындау, үй жинау және сатып алулар


Жергілікті тағамдар алуан түрлі,ал кілегей мен көкөністер қосылған кабығымен пісірілген картоп маған ерекше ұнайды. Жалпы неміс тағамдарына клецки, бауырдан жасалған тефтель, кеспе қосылған қою,майлы сорпалар тән.

Қоғамдық көлік қымбат. Айлық жол жүрі билеттерін немесе бірден төрт-сегіз жол жүру үшін билеттерді сатып алу арзанырақ болады. Студенттер үшін оқитын қаласында бүкіл көлік түрлеріне жол жүру бағасы тегін. Ірі қалаларда – бұл метро, трамвай, автобус, қала маңында қатынайтын пойыз, ал орташа қалаларда – трамвай мен автобустар.

Немістердің күнделікті киетін киімінің негізгі бөлігі – ұстанымды түстік гаммадағы үйлесімді киімдер. Германия тұрғындары өздерінің даралығын киімнің дизайнын арқылы емес, оның үлгісі,түрі арқылы көрсету артық көреді. Бұл тиімді халық, олар ыңғайлы киімді киеді, спорттық стилін жақтайды.




Назира Эр, 28 жас, туған қаласы – Астана

Тұратын елі – Түркия, Ыстамбұл


WhatsApp Image 2017-11-14 at 14.32.01.jpeg


Ыстамбұлда мен 8 жылдай тұрамын. Колледжді бітірген соң, мен әрі қарай қайта түсу керек екені жайлы көп уақыт бойы ойластырдым, екі ел арасында таңдап отырдым, оның біреуі Түркия болды.

Бұл елдің тұрмысына мен үйреніп қалдым. Басында мен университеттің жатақханасында тұрдым, сол жерде маған бүкілі ұнайтын,себебі бүкіл жағдай жасалған. Тағы осы жерде менің түрік досым тұрды, онымен мен Астанада танысқан болатынбым. Демалыстарда мен оның қонақжай отбасының үйіне қонаққа баратынбым,ол ата-аналарымен және әпкелерімен бірге тұратын. Олардың үйінде мен алғаш рет нағыз түрік тағамдарын жеп көрдім,тіпті олармен бірге тамақ әзірлейтінбім. Осы елде тұрмысымды түзетуге маған досым және оның ата-аналары көмектесті, ал уақыт өте олар менің де отбасым болды. Біз бірге тұрдық, осылай мен оларға қазақ дәстүрлерін көрсетіп, олар үшін қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, өзім де түрік тұрмысына үйрендім.


Ыстамбұлда өмір сұру қымбат, бұл жерде тек тоқыма, көкөністер және жемістер арзан


Мен әр-түрлі тағамдарды әзірлеймін, қазақ та,түрік те,себебі екі елдің де тағамдары өте дәмді. Менің күйеуім бешбармақ, мәнті, палау,лағман жақсы көреді. Ал түрік тағамдарынан мен шпинат, долма және кебаптарды жақсы көремін.

Осы жерде супермаркеттердің таңдауы өте үлкен,анағұрлым қымбат деңгейдегілері де бар,және сонымен қоса Bim, A101 сияқты арзанырағы да бар. Маған ұнайды, бұл жердің азық-түліктері үнемі жаңа піскен. Көбінесе мен азық-түлікті бізге аптасына бір рет келетін жәрмеңкелерде сатып аламын, бұл жерде де жаңа піскен көкөністер мен жемістерді сатып алуға болады.


WhatsApp Image 2017-11-14 at 14.49.41.jpeg


Ыстамбұл құрлықтың еуропалық және азиялық бөлігінде орналасқан. Біз азиялық бөлігінде тұрамыз, мені бұл қуантады,себебі бұл жақ анағұрлым тынышырақ.

Ыстамбұлдың адамдары әр-түрлі киінеді. Біреуі толығымен жабық орамалмен жүреді, ал біреуі спорт киімін киеді,хиппи де бар. Базарларда киімдер сатылатын бутиктер қатары орналастырылған аудандар бар, сонымен қоса брендті киімдер де бар. Бірақ олар өз киімдерін жақсы тігеді, сондықтан олар көбінесе қарапайым бутиктерде киінеді. Түріктер киім жайлы басты қатырмайды,себебі оларда киіммен байланысты қиыншылықтар тумайды,арзанырақ тапқанын кие салады.

Ыстамбұлда өмір сұру қымбат, бұл жерде тек тоқыма,көкөністер және жемістер арзан. Ал жол бағасы, жанармай,тұрмыстық қызметтер және ет – осының барлығы өте қымбат. Бұл жерде түрлі көліктер бар: метро, су асты метро, метробус, паром, кәдімгі автобус, маршрутты көлік, маршрутты такси, кәдімгі такси, трамвайлар. Әр көліктің бағасы әр түрлі,бірақ ол да қымбат, себебі олардың өз газы мен жаңармайы жоқ, олар бүкілін Ресейден сатып алады.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу