Жүктілік пен бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған, жұмыс істейтін әйелдерге арналған әлеуметтік төлем
Кімге арналған
Әлеуметтік төлем Қазақстанда тұрақты тұратын және жұмыс істейтін жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлерге, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға төленеді. Олар 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Төлемді алу үшін кімге жүгіну керек
Өзінің тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына.
Төлем көлемі
Әлеуметтік төлемнің көлемі соңғы 12 айдағы орташа айлық кірісті еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффицентіне көбейтіп анықталады.
Еңбекке жарамсыздық күндер санының коэффициенті уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлгенде шығады.
Төлем мерзімі
Әлеуметтік төлем уақытша еңбекке жарамсыздық қағазында көрсетілген барлық кезеңге белгіленеді.
Қажетті құжаттар:
— жеке куәлік
— тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу туралы анықтама
— уақытша еңбекке жарамсыздық туралы қағаз
— банк шотының нөмірі туралы анықтама
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін қосымша:
— жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама
— салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша акт түзетімі.
Жұмысынан айырылған жағдайдағы төлем
Кімге төленеді
Жұмысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем Қазақстанда тұрақты тұратын және жұмыс істейтін жұмысшы, жеке кәсіпкер, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, жүгінген күнінен бастап төленеді.
Төлемді алу үшін кімге жүгіну керек
— Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгенде
— «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына
— www.egov.kz веб-порталы арқылы.
Төлем көлемі
Төлем көлемі жеке есептеледі. 2 жылдың орташа кіріс мөлшері 24 айға бөлінеді де, алынған сома 0,3 коэффициентіне көбейтіледі.
Әлеуметтік шегерімдер жасалған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйеінің қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем белгіленеді:
1 айға — 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік шегерімдер аударылған жағдайда
2 айға — 12 айдан 24 айға дейін
3 айға — 24 айдан 36 айға дейін
4 айға — 36 айдан және одан да көп уақытқа
6 айға — ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында қарастырылған негіз бойынша жұмысынан айырылған тұлғаға 36 айдан және одан да көп уақытқа әлеуметтік аударымдар жасалған болса.
Қажетті құжаттар:
— жеке куәлік
— ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған негіздемелері бойынша еңбек қатынастарын бұзуды растайтын жұмыс берушінің актісінен көшірме үзінді.
— тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеу туралы анықтама
— жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама
— банктік шоттың нөмірі туралы анықтама.
Баспаналық көмек
Кімге төленеді
Аз қамтылған отбасыларға, бір жерде тұрақты тұратын азаматтарға, баспана иелеріне.
Қажетті құжаттар:
— өтініш
— өтініш берушіні жеке куәландыратын құжаттың көшірмесі
— баспанаға құқық беретін құжаттың көшірмесі
— азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі немесе мекен-жай анықтамасы, немесе өтініш берушінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгендігін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы
— отбасының кірісін растайтын құжаттар
— тұрғын үйді қамтамасыз етуге кететін ай сайынғы жарна көлемі
— коммуналдық қызметтерді пайдалану шоттары
— телекоммуникациялық қызметтердің түбіртек-шоты немесе байланыс қызметін көрсету келісім шартының көшірмесі
— жергілікті атқарушы органмен берілген жергілікті атқарушы органнан жеке тұрғын үй қорында жалдайтын баспананы жалға алу төлемінің көлемі туралы шот
— жекешеленген тұрғын жайларда, жеке тұрғын үйлерде тұратын тәулік уақыты бойынша электр энергиясы шығындарын дәлдігі есеп пен бақылаудың 1 төмен емес дифференционалды дәлдік класының электр энергиясын бір фазалы есептеуіштің бағасының түбіртек-шоты.
Жәрдемақыны алу үшін кімге жүгіну керек
— «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамдастығына
— Астана мен Алматы қалаларының, облыстық деңгейдегі қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары.
Жәрдемақы көлемі
Баспаналық көмек тұрғын үйді қамтамасыз етуге кететін шығындар төлемінің сомасы мен коммуналды қызметтерді тұтыну, баспананы пайдаланғаны үшін жалдық ақы, бір фазалық электр энергиясы есептеуішінің жергілікті атқарушы органдармен бекітілген норма шегінде электр энергиясының шығыны мен отбасы шығындарының мүмкін деңгейінің шегін бақылау арасындағя айырмашылықтың қандай екеніне байланысты анықталады.
Басқа да жәрдемақылар мен төлемдер туралы мына жерден оқи аласыздар.