Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандықтар Қытаймен шекаралық аудандарда қалай тұратындары жайлы
5207

01.04.2018

Қазақстандықтар Қытаймен шекаралық аудандарда қалай тұратындары жайлы

Вера Москаленко, 38 жаста



Өмірдің маңыздылығы жайлы



москаленко вера.jpg

Мен Көктал аулында туғанымнан тұрамын. Біздің ауыл Панфил ауданында, Хоргостан, қытай шекарасынан 50 километр қашықтықта орнласқан. Ауылдың табиғаты тамаша, Жоңғар мен Іле Алатауының арасында орналасқан. Ауылдыағы басты жұмыс — мемлекеттік мекемелердегі мұғалімдер мен медициналық қызметкерлер. Қалғандары жеке кәсіппен, кейбіреулері малмен айналысады. Өкінішке орай жұмыссыз жастар көп. Ауыл облыс орталығы Алматыдан алыс орналасқандықтан, көбісі сол жаққа жұмыс істеу үшін көшіп кетеді. Біздің жанымызда ежелгі қала, бұрынғы Панфилов, қазіргі Жаркент қаласы орналасқан. Жастар үшін жұмыс көбінесе сол жақтан табылады.



Шекараның жақындығы туралы



Орта жастағы адамдар мен жастар түрлі заттар сататын Қытайдағы қытайлық-қазақстандық сауда қаласы орналасқан аумаққа барады. Ол жаққа Ресейден сауда пойызы жүреді, басқа елдерден де адамдар келеді. Үлкен сауда айналымы жүреді. Тауарлар біздің аудан орталығында сатылады. Бұл арқылы көп адамдар ақша табады. Жұмыс қиын, бірақ адамдар оған үйреніп кетті.

Кедендік бақылау аса ақатты қиындық туғызбайды, жеке куәлік арқылы өтуге болады. Ол жақта қалаған нәрсенін барлығын сатып алуға болатын, үлкен әдемі сауда орталықтары бар. Ауылдың өзінде қытайлықтар аз, олар бұл жаққа мүлдем келмейді деуге де болады. Олар МЦПС-та сауда жасайды, бірақ шекарадан өтпейді.

Ауылда өмір сүруге қажетті барлық нәрсе бар. Ұялы байланыс та жақсы ұстайды. Қытайда әлеуметтік желілер үлкен таңымалдылықта емес, кейбіреулері тіпті жұмыс істеймейтінін білемін.

Біздің ауданға жан-жақты қарау үшін туристер жиі келеді. Ауылда түрлі ұлт өкілдері тұрады және барлығы бір-біріне құрметпен қарап, қолдап жүреді.


Асхат Капас, 21 жаста



Өмірдің маңыздылығы жайлы



капас асхат.jpg

Панфилов ауданының бұл ауылында мен туғаннан 18 жасыма дейін тұрдым. Біздің ауыл Қытай шекарасына Жаркент қаласына жақын орналасқан. Мұнда он мыңдай адам тұрады. Ауылда екі мектеп: Абай атындағы және орта мектеп, Мәдениет сарайы, үлкен саябақ, бірнеше дүкендер мен супермаркеттер бар. Былтыр ауылға 4G ғаламторын тартқызды. Жастардың көбісі қытайлықтармен хабарда болу үшін Wechat қолданады. Жақын орналасқандықтан оларда қазақстандық байланыс та ұстайды.



Шекараның жақындығы туралы



Шекарада тұрғанның көп артықшылықтары бар. Сауда жасауға Қытайға барған дұрыс, өйткені онда екі есе арзанырақ. Көкталдан Қытайға көлікпен немесе таксимен жарты сағатта жетуге болады. Адамдар көбінесе өнеркәсіпте, кейбіреулері Қытаймен шекаралас МЦПС «Хоргоста» жұмыс істейді. Бізде қытайлықтарға қарағанда, оралмандар көбірек тұрады. Қытаймен шекаралас болғандықтан қытайлық заттар көп, қытай тағамдарынан басқа.


Ильяр Кутулуков, 22 жаста, туған жері — Алматы



Қытайға көшуі жайлы


ильяр китай.jpg

Мен тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін бірден Қытайға оқуға бардым. Ата-анам жібергендіктен кеттім. Ақыр соңында кеткім келмеді. Мен Іле-Қазақ автономдық округіндегі Ининь қаласында алты жыл оқыдым.

Қытайлықтардың шетелдіктерге деген көзқарасы қызық. Студенттердің көбісі қазақстандықтар болғандықтан, барлық жағдайлар ұнайтын. Біз қытайлық дәстүрлерді де үйрендік. Бұл жаққа студенттер көбінесе халықаралық қатынастар факультетіне Алматыдан оқу алмасып келеді.



Шекараның жақындығы туралы



Қытайлық-қазақстандық шекараға дейін біз таксимен бір сағатта жететінбіз. Ол кезде билет 40 юань тұратын. Орналасқан аумағына байланысты Синьцзянь окургінде екі жақтың мәдениеті араласып кеткен. Жанымызда Үрімші қаласы орналасқан. Бұл үлкен, әдемі, әрі адамдары көп қала.



Өмірдің маңыздылығы жайлы



Қытайлық ғаламтор сапасы жағынан әлемдегі ең жақсы шығар. Бірақ Whatsapp, Vk, Instagram сияқты әлеуметтік желілерге шектеу қойыллған. Қытайдағы ең танымал желі Wechat болып саналады.

Қытайдағы өмірге мен бірден үйренісіп кеттім. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Кейбір қытайлықтармен қарым-қатынсат болуға бір-ақ нәрсе кедергі болды, ол — тазалық. Бірақ қытай халқы өте мейрімді әрі, көңілді, тіпті танымайтын адамға әрқашан көмек қолын созады. Қытаймен салыстырғанда қала кішкентай.

Құлджа қаласында қазақ баспалары мен телеарналары бар. Біздің университетте тарих пен әдебиетті оқытатын қазақ тілі факультеті болатын. Онда көбінесе ҚХР келген қазақтар оқиды.


Жанат Құттыбайұлы, 33 жаста



Шекараның жақындығы туралы



Біздің ауанның шекарасы Қытаймен ортақ. Мұнда шекарадан екі шақырым жерде Достық теміржол станциясы бар. Ауылға жұмыс барысы бойынша бес жыл бұрын көшіп келдім. Қазір Аға диспетчер болып істеймін. Біз Азия мен Еуропа арасындағы маңызды жүк тасымалын бақылаймыз. Біздің аймақ арқылы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда жолдары өтеді.



Өмірдің маңыздылығы жайлы



Менің отбасым үлкен, алты адамбыз. Бұл жердің өмір сүру жағдайлары жақсы деп айта аламын. азық-түлікті бізге Алматы облысынан қолжетімді бағалар бойынша әкеледі. Қазақстанның барлық ұялы байланыстары да жақсы ұстайды.

Барлығы жұмыспен ұамтылған, көбісі теміржолда істейді.

Біздің ауданның адамдары Қытайға жиі барады. Ауылдан күнде таңертең автобус жүреді, кешке қайтып келеді. Көп қазақстандықтар Қытайда жұмыс істейді, кейбіреулері сауда үшін барады. Кейбір заттар Қытайда арзанырақ. Көбісі Үрімші қаласын таңдайды.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу