Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Дәстүрлі алматылық отбасының 9 белгісі
9244

16.01.2017

Дәстүрлі алматылық отбасының 9 белгісі

БІЗ Алматы тұрғындарынан бұл керемет қаланың отбасыларының қандай ерекшеліктерге ие екендігін сұрап білдік.


— Алматы тауға өте жақын орналасқандықтан, мұнда табиғат аясына шығу, шаңғы тебу, тау өзеніне түсу отбасылық сүйікті дәстүрге айналған


— әр алматылық отбасы бір кездері Алматының маңайында өсірілген апортты жақсы көреді әрі жадында сақтайды және қазір оның қалаға жақын жердегі шаруашылықтарда қайта қолға алынып жатқанын көріп қуанады


— бүгінде балалар жаңа және өзгерген қалада өсіп келеді, солай бола тұрса да, олар Алматының тарихын біледі


— алматылық отбасылар Төлебайкада серуендегенді ұнатады


— алматылықтар жақсы отбасылық достық қарым-қатынас орнатып, түрлі бірлестіктер құра алады және өз қаласын жақсартуда бір-біріне көмектеседі


— Алматыдағы отбасылар ауа-райының қолайлылығына байланысты саябақтар мен көше алаңдарында спортпен көп шұғылданады


— алматылық отбасылар салт-дәстүрді аса берік ұстана қоймайды


— Алматы үлкен қала болғандықтан, алматылықтарға басқа қалалар мен елдерден қонақтар өте жиі келеді, мұндағы отбасылар ерекше қонақжайлылығымен өзгешеленеді


— Алматы біріктіреді, сондықтан алматылық отбасылардан Қазақстанның барлық аймағынан шыққан адамдарды кездестіруге болады. Бұл олардың салт-дәстүрінде көрініс табады. Мысалы, отбасылық мерекелерде бешбармақ оңтүстікше де, солтүстікше де әзірленуі мүмкін.


Материалды дайындауға көмектескендері үшін Сәуле Серғазинова, Ерлан Манатаев, Анна Шелепова мен Жанар Нұрлыбекке алғыс білдіреміз.



Фотография: Максим Спариш

Меню

Істер

Қала 24

Шолу