БІЗ сіздерге домбырада ойнап, құрақ көрпе тігіп және бауырсақ дайындап үренуге көмектесетін YouTube каналдарын таптық.
«Домбыра үйрену» каналы
Каналдың сипаттамасында: «Үйден шықпай-ақ, домбырада ойнап үйренгіңіз келе ме? Сіздерге Сүлеймен Демирель атындағы университеттің студенттері құрған жаңа жобаны ұсынамыз. Мұнда сіз домбыра тартуды тегін үйрене аласыз. Домбыра бұл — теңдессіз дыбыс пен дыбыстың әсемдігіне ие қазақтың ұлттық аспабы. Домбыра тарту мәдениетін әлемдік деңгейге шығару — жобаның басты мақсаты», — деп жазылған.
«Домбыра мектебi» каналы
«Каналда келесі мазмұндағы бейнежазбалар бар:
— домбыра тартудың негіздері
— күйлер
— домбыраны қалай таңдау керек
— домбырада ойнаудың техникасы
— танымал күйлерді үйрету».
Алдыңғы каналға қарағанда бұл жерден домбыраны қалай таңдау керектігі мен кейбір заманауи шетелдік хиттерді үйрену туралы бейнежазбаларды табуға болады.
Қазақ және шығыс асханасы тағамдарының құрамы каналы
«Біздің каналдан сіз шығыс асханасының дәстүрлі тағамдарын, сондай-ақ әлемнің түрлі халықтарының қызықты рецепттерді көре аласыз. Біздің бейнежазбамыз бұл — пропорциясы дәл көрсетілген тексерілген рецепттер. Сіздер үшін Әсел, Жанат және балалары: Мансұр, Айша мен Саида тағам дайындайтын болады.
Құрақ көрпе тігуді үйрену каналы
Құрақ көрпе — қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Көшпенділердің тұрмыс заттарының көбі дәл осы техникамен жасалған: көрпе, отыруға арналған төсеніштер, жамылғы мен тағы басқалары. Каналдың авторы — ҚР Президентінің құрметті жүлдесін иеленген «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін салушы. Каналдың бейнежазбаларынан тек құрақ тігуді ғана емес, бұл саладағы бизнесті жүргізуді де үйренуге болады.
Балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық канал
«АЛАН TV» — балаларға танымал ертегілерді қазақ тілінде айтып беретін, жаңа сөздерді үйретіп, ағзамыздың құрылысын түсіндіретін, анимациялық бейнежазбалар жинағы.