Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Италияда тұратын қазақ қызы махабатты қалай табуға және шетелде жемісті бизнесті қалай ашуға болатыны жайлы
8215

27.10.2017

Италияда тұратын қазақ қызы махабатты қалай табуға және шетелде жемісті бизнесті қалай ашуға болатыны жайлы

Диана Эспозито, туған қаласы – Атырау, дербес тур-консультант, Bed&Breakfast Salerno Way хостелдер жүйесінің иесі, casa Esposito итальяндық тағамдар мектебінің иесі, Италияның оңтүстігінде туризмнің дамуы бойынша фондының негізін салушы, дизайнер


Шетелде мен кездейсоқ болып қалдым. Тағдыр мен үшін не дайындағанын білмей, мен Аустралия, Сидней қаласына бардым. Мен бұрыннан бері кенгуру еліне барып келуді армандайтынбым. Және дәл сол жерде мен менің күйеуімді кездестірдім, бұл бір қарағаннан-ақ махаббат болды. Егер ойласақ, қазақ үшін де, италиялық үшін же Аутстралия — жақын емес ел, бірақ тағдыр көмегімен бізге дәл сол жерде кездесуге бұйырды. Үйлену тойынан кейін біз Италияға, менің күйеуімнің отанына көштік.


диана италия (2).JPG


Шетелде бизнес ашу бағытында мен ұзақ қозғалдым, себебі менің күйеуім қарсы болды. Кез-келген итальяндық үшін өз ісіне ие болу — бұл азабы көп іс. Негізгі қиыншылық — бұл жылына аз дегенде 6000 евро төлеуге қажетті салықтар, бұл сіздің табысыныздың болуына немесе болмауына байланысы емес. Мен туризм саласына жақын болған себебінен,сол кезде Италияның оңтүстігінде Bed&Breakfast қонақ үйлер жүйесі салыққа салынбайғаны жайлы естідім, бұл қонақ үй Салерно қаласында — дәл біз тұратын жерде орналасқан. Бұл мен үшін ерекше мүмкіндік болды, мен одан айырыла алмадым. Түрлі-түрлі кодекстер мен заңдарды оқып, мен бизнес-жоспар дайындап, инвесторларды іздей бастадым. Менің жобамды тек үшінші реттен ғана қаржыландыруға келісті.


Менің ойымша, мақсатына жету үшін, ең алдымен, үлкен, берік ықыласпен өзіне сенушілік қажет. Ешнәрсеге қарамастан, мен мұны істей алатынымды білдім.


Кез-келген итальяндық үшін өз ісіне ие болу — бұл азабы көп іс


Менің негізгі қызметтік салам — туризм. Бұдан басқа, менде тағы бір ісім бар,мұны хобби деп атауға болады, бұл — дизайн және киім мен аяқ киім өндірісі. Осы іспен мен рақаттанып айналысамын, және бұл істі күнделікті жалықтыратын жұмыстан көңіл жұбататын хобби деп қабылдаймын, сондықтан бұл жобадан мен аса ірі нәтижелерді күткен жоқпын.


Оңтүстік Италия бойымен дербес турларын мен 2016 жылы жүргізе бастадым. Бұл істі бастау үшін көп қаражат қажет болмады, тек көп уақытты қажет етті. Сонымен қоса, экскурсиялар әкелетін табыс тек менің күнделікті жұмсауларыма жететін. Бірақ,оған лайықты бағасын беру керек, тур-консультациялардың арқасында біз үлкен клиенттік базаға ие болдық, біз жайлы жарнама сарафандық радио кағидасы бойынша таратылды. Келесі жылдан бастап мен экскурсиялар жайлы жобаның жұмысын бастап, бұл істен нағыз табыс табуды жоспарлаймын.


диана италия (5).JPG


Бизнесті ашу барысындағы мен соқтығысқан алғашқы қиыншылық, бұл менің басқа елдің азаматы болғаны. Басында мені ешкім байыпты қабылдамады, бірақ кейін, мен бүкілінің сеніміне кіруге тәсіл тапқаннан кейін — осы жерде менің қазақи аққөңілділігім, қонақжайлылығым көмектесті — олар мені қабылдай алды және әлі күнге дейін маған бизнес-жоспарлар ұсынады. Және қазір қандай болсын іс-шараларға барсам да, мен үнемі Қазақстан туын өзіммен бірге аламын. Мысалы, Салерно қаласының әкімі мені медальмен марапаттағанда, мен туған туымнын фонында суретке түстім. Мен Қазақстанның Елшілігінің және Үкіметінің қолдауысыз Италияда EXPO жайлы көрсетілім өткіздім және Қазақстанға 12 италиялық кәсіпкерлерді әкелдім. Бұл ісіммен мен азаматтық борышымды өтедім деп санаймын.


Бүгінгі күні мен туристтерге Италия бойымен 5,7,8-күндік турларды ұсынамын. Ал осы жылы біз Costa Victoria және Costa Fascinosa лайнерлерінде круиздық турлар өткіземіз, бұл круизда біз Италия, Мальта, Испания, Франция, Сингапур, Тайланд және Камбоджа сияқты мемлекеттерге барамыз.


Италиялықтар — өзгеше халық, олармен іскерлік қатынас жүргізу оңай емес. Мысалы, мен туристерімді түскі асқа үнемі тек бір дәмханаға,аптаның тек бір күнінде апарамын ,ал дәмхана иесі менің туристтермен келгенімді біліп, оның көңілі жаман болғанынан, оның шаршағаны себебінен немесе депрессия басталған себептен жай ғана дәмхананы жауып тастай алады.


IMG_3638.JPG


Италияда жастар арасында жұмыссыздық пайызы жоғары,олар үйде отырмауы үшін оқуға мәжбүр болады. Жұмысқа жалдау шарт негізінде жүргізіледі: бірінші – 6 айға, ал ұзақ мерзімді шарт кейінірек жасалады.Қысқа мерзімді шартқа 3 ретке дейін тұру рұқсат, осыдан кейін сізді не жұмысқа алады, не жұмыстан шығарады.


Мемлекеттің экономикасын біліп, заң шығаруды оқып білу қажет, себебі кез-келген бизнесте күтпеген кедергілер кездесуі мүмкін


Италияда чектердегі 10%-ды қолданбайды,оның орнына осы жерде «коперта» бар — дәмхана мен мейрамханалардағы қызмет көрсету үшін төлем. Бұл бір адамға шамамен бір-екі евро.


Италиялықт ар өз тағамдарын құрметтейді және қатты сүйеді. Бүкіл мекемелерде тек италиялық тағамдар ұсынылады. Олар жақында ғана сушині түсіне бастады. Осы жерде басқа елдердің тағамдарын табу қиын.


диана италия (3).JPG


Өз бизнесінізді бастаған кезде, істі кез-келген елде ашуға болатынын түсіну маңызды,тек бір мемлекетпен шектелменіз. Бірақ сонда да әр ел үшін шетелдік азаматтардан бұрын, олардың туған азаматтарының мүдделері маңызды екенін түсіну керек. Сондықтан бизнесті ашу идеясын жүзеге асырудан бұрын, сіз барлық қырларды білу керексіз. Мемлекеттің экономикасын біліп, заң шығаруды оқып білу қажет, себебі кез-келген бизнесте күтпеген кедергілер кездесуі мүмкін. Бұл менің тәжірибемнен нәтижеленген кеңестерім. Және кез-келген идея басынызды айналдырып алуы мүмкін, сондықтан үнемі қырағы болып ,оқиғаға парасатты көзқараспен қараныз.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу