Семей — үлкен тарихы бар қала, көптеген ұлы адамдар шыққан бұл жерде тұратын адамдар да жоғары мәдениетімен, оқығандығымен, зиялылығымен ерекшеленеді. Бұл жерде туған адамның бәрі онда тұрмауы мүмкін, алайда көп жылдар өтсе де, Семей туралы ой тек жарық әрі жылы сезімдерді туғызады. Сіз осы жерден тұрғылықты семейліктің белгілерін біле аласыз. Бізге бұл тізімді құрастыруға Нұрлан Қазақпаев, Әсел Есімханова мен «Город F» Вконтакте порталының қатысушылары көмектесті.
1. Тұрғылықты семейлік өз қаласын орысша айтқанда «Семипалатинск» деп атайды, себебі көпшілігіне «Семей» деген атау ұнамайды. «Семипалатинск» атауының өз тарихы бар.
2. Жергілікті тұрғындар қалада көше атауларымен емес, аудандармен жол табады: «Агентство», «Затон», «Океан», «Радуга», «Цемпос», «Восточный», «Пристань», «Красный кордон».
3. Тұрғылықты семейлікке өмірінде бір рет болса да, «Сен қараңғыда жарық шашасың ба?» деген сұрақ қойылады.
4. Қала немесе елден тысқары шыққанда міндетті түрде Қазақстандағы жалғыз аспалы көпірдің тек Семейде ғана екенін зор мақтанышпен айтады.
5. Семейлік Орталық алаңдағы кезекті субұрқақты орнату үшін кесілген әдемі, үлкен әрі тамаша шыршаларды еш ұмытпайды.
6. Тұрғылықты семейлік аудан бойынша топтарға бөлініп, солар үшін «жүгірген» кездердің сәнде болғанын ұмытпайды.
7. Көпшіліктің жоламандықтардан қорыққан, біреу тиіссе, сол жақтанмын деп айтатын кезін ұмытпайды.
8. Тұрғылықты семейлік қаланың оң жағалау бөлігін қала деп атайды. «Қайда бара жатырсың?» деген сұраққа «Қалаға, жұмыстарыммен» деген жауапты естисіз.
9. Абай, Мұхтар мен Шәкәрім туған өлкеде туғанын мақтан тұтады.
10. Тұрғылықты семейлік қалқымалы көпірді ұмытпайды.
11. Қала қонақтары семейліктердің мейірімділігі мен буырмалдығын ерекше атап көрсетеді.
12. Тек семейлік, Шығыс Қазақстанның тұрғыны ғана бала кезінен сопақша немесе кішкене дөңгелектеп кесілген кішкентай, қытырлақ ши бауырсақтарды біледі және Қазақстанның басқа аймақтарында мұндай кішкене бауырсақтың жоқ екенін білгенде таңғалады.
13. Оқу кезінде бұлақтың қасиетті суын алуға баратын «қасиетті бұлаққа» жақын жердегі реликті қарағай орманына міндетті түрде сыныбымен барған.
14. Тұрғылықты семейлік «Елімайға» жанкүйер болуға жиналған халық тобын ұмытпайды және Семейдің қазақстандық футболдың отаны екенін естен шығармайды.
15. Алтыншы мектепке жақын жердегі ұзын сонар кезек тұратын «Айсұлуда» болған алғашқы құйылмалы балмұздақты ұмытпайды.
16. «Евразия» континентінің географиялық орталығының Семейге жақын жерде, дәлірек айтқанда Жидебайдағы Абай Құнанбайұлының үйінің жанында екенін біледі.