Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Шетелдегі отбасы: қазақстандықтар мәдени айырмашылықтар, тұрмыс және тәрбие туралы
6404

04.12.2017

Шетелдегі отбасы: қазақстандықтар мәдени айырмашылықтар, тұрмыс және тәрбие туралы

Назира Ергалиева, 25 жаста, туған жері — Алматы

Тұратын елі: Куала-Лумпур, Малайзия

Екі жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Сол кездің өзінде-ақ Қазақстанда тұрамыз деген ой болған жоқ, өйткені жұбайым орыс тілінде аз сөйлейді. Оның Малайзияда Куала-Лумпурда өз бизнесі бар, сондықтан осы жерге көшіп келдік. Әрине, болашақта Қазақстанға оралғым келеді, жақындарымды, ауа-райын, әсіресе тағамдарды сағындым. Күйеуіме де Қазақстан ұнайды.


1e.jpg


Малайзияның тұрмыс тіршілігі бізден өзгеше. Қазір мен жұмыс істемеймін. Жұмыс істеген кезде, күйеуіммен үйдің жұмыстарын бірге істейтінбіз. Мен үй жинайтынмын, ол тамақ істейтін. Мен ыдыс жуам, ол қоқыс тастайды. Жұмыстан келгенде ол жатып, мен барлығын істейтіндей болмайтын. Барлығын бірге, team work.

Салт-дәстүр туралы айтатын болсақ, ең алғаш рет малайцтардың үлкендермен сәлемдескенін көргенде қатты таңқалғанмын. Олар бір-бірін көргенде кіші малайцтар улкендердің қолын сүйіп, оны мандайларына тигізеді. Қазір бұл салт маған ұнайды. Бұл жастардың үлкендерге деген құрметін көрсетеді.

Олар бір-бірін көргенде кіші малайцтар улкендердің қолын сүйіп,

оны мандайларына тигізеді.


Тойлары қатты ерекшеленеді. Егер біздің қонақтарымыз үшін жиналу, бет әрлеу, шашты әдемілеу болса, бұл жерде барлығы жай өтеді: банкет болады, оның ұзақтығы 2 сағат. Тойлардың екі түрі бар — ұлттық нақыштағы және заманауи. Ұлттық нақыштағы той таңертең сағат 10-11-де өтеді. 500, 1000, 2000 адам келуі мүмкін, ешқандай дастархан жайылмайды, тек швед үстелі. Заманауи тойларда бір-екі рет болдық. Өтетін жеріне тәуелсіз тағамдары барлық жерде бірдей: көже, күріш және тауық. Екі сағат — той бітті. Ешкім билемейді. Жергілікті адам үшін билеу үлкендерге көрсетілген құрметсіздік деп саналады.

Малайзия — мұсылман елі болғандықтан, бұл жерде әйелдерге ерекше құрметпен қарайды. Бір жолы бізге туыстарымыз тойға келген болатын, менің күйеуімнің ата-анасы барлығын өздеріне қонаққа шақырған, сол кезде барлық әйелдер қауымы үстел басында отырды, ал еркектер тамақ тасып жүрді.

Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы өзгеше. Біз татумыз, ал олар әрқайсысы өз бетінше өмір сүреді. Ешкім аға мен қарындасының қарым-қатынасына араласпайды. Көбінесе, ата-аналары бөлек тұрады.

Біз татумыз, ал олар әрқайсысы өз бетінше өмір сүреді.


Біздің арамыздағы ең қиын нәрсе — тіл болды. Бұны біз күйеуімнің отбасысы құда түсуге келгенде байқадық. Анам аздап ағылшынша сөйлесе, әкем бірнеше сөз ғана білетін. Ағам мен сіңілімнің тіл білетіні көмектесті.


2e.jpg


Біз тез ортақ тіл таптық, өйткені сол кездің өзінде-ақ мен бірнеше жыл Малайзияда тұрғанмын. Түсінікісіз жағдай тек бір рет болды, құрбым әкесін қарсы алсын деген болатын. Бірақ бұрын ол кісімен таныс емес едім. Ол Куала-Лумпурға келді, оған қаланы көрсетуім керек еді. Сол кезде күйеуімнен көмек сұраған едім. Ол таңғалып «Сен онымен таныссың ба?», — деп сұрады. Мен таныс еместігімді айттым. Ол маған «Қалай таныс емес адаммен сөйлесе аласын?», — деп сұрақ қойды. Оған бізде танымайтын адам болса да, сен оны қарсы алаып, құрмет көрсетіп, шығарып салуын қажет екенін түсіндіруге тура келді. Ол мұндай жағдайды өзі Қазақстанға алғаш келгенде басынан өткізді. Мен жұмыспен қолым бос емес еді, оған қаланы менің бауырларым көрсетті.

Негізі, малайцтар мен қазақтар ұқсайды. Мәдениеті, менталитеті, тіпті түр әлпеті жағынан. Күйеуім Қазақстанға келген сайын, адамдар оны қазақ немесе ұйғыр деп ойлап, онымен орысша сөйлейді. Ал, менімен көп жағдайда малайша сөйлеседі, өйткені малайлық деп ойлап қалады.


Константин Рябов, 30 жаста, туған жері — Қарағанды

Тұратын елі: Форт Майерс, Флорида, США


Қазақстаннан штатқа 2015 жылы кеттім. Жұбайыммен біз 2008 жылы мен американдық университетте оқығанымда таныстық. Онымен екі жылдан кейін үйлендік. Тойымыз штатта болды. Одан кейін бірден Қазақстанға Қарағандыға келдік. 2010 жылдан бастап сол жақта тұрдық. Бір күні әйелім « Менің үйіме барып тұрайық?», — деп ұсыныс білдірді. 2015 жылдың желтоқсан айында біз көшіп кеттік.


3e.jpg


Қай ел болмасын, барлық жерде өмір бірдей — үй, жұмыс. Бір ғана айырмашылық: Америкада үйде көп тамақ дайындамайды. Тамақтану индустриясы жақсы дамыған. Бір жерге барып тамақтану олар үшін күнделікті нәрсе.

Менталитетте де қатты айымашылық жоқ. Әйелімнің отбасысы да , үлкен: көптеген аға-апалары бар. Күнделікті өмірде жиі кездеспейді, бірақ үлкен жиындарда міндетті түрде жиналады. Туыстардың жиналу үрдісі бірдей. Бірақ егер Қазақстанда жиналу — дастархан басындағы тілектер болса, оларда үлкен кешке ұласады.

Олар бір-бірлерінен алшақ тұрғандықтан ата-әжелері біздікіндей, немерелерінің өміріне қатты араласпайды.


Жұбайымның ата-анасымен мен ешқандай салтанатсыз таныстым. 2008 жылы тамыз айында оқуымның алдында штатқа жұбайыма қонаққа келгенмін. Жақын туыстарымен үлкен отбасылық мерекелерде таныстым.

Біздің қарым-қатынастарымызға салт-дәстурлер ешқандай әсер етпеді. Барлық даулы мәселелер адамдардың өздеріне байланысты. Маған дейінгі ұрпақтарда салт-дәстүр жағынан үлкен айырмашылық болған шығар, бірақ америкалық мәдениет 90 жылдардан танымал болғандықтан, қазір ешқандай қиындық жоқ.


4e.jpg


Қызымыз 2014 жылы дүниеге келді. Кішкентай кезінде орысша мультфильмдер көретін. Штатта тұрғанымыздан бастап ол орыс тілін ұмытты. Қазір төртте, ағылшынша сөйлейді. Орысша бірнеше тіркестерді ғана біледі. Менің ата-анаммен сөйлескенде, өкінішке орай тек «Привет» және «Пока» деген сөздерді айтады.



Ляйла Акбаева, 42 года, туған жері — Қарағанды

Тұратын елі: Сан-Паулу, Бразилия


Қазақстаннан Англияға оқуға кеткенмін. Сол жерде болашақ күйеуімді кездестірдім. Ол италияндық. Сол уақытта 15 жыл шетелде тұрған, сонын арқасында тез тіл табысып кеттік.


5e.JPG


Италияда Қазақстаннан қатты ерекшеленетін салт-дәстүрлер көп. Мысалы, біз болашақ жұбайыммен Мальтаға бара жатқанда, Римде 2 сағаттық аялдамамыз болған, сол кезде күйеуімнің ата-анасы бізбен бірге тамақ ішуге келді. Осылайша біз ешқандай салтанатсыз таныстық. Қалған туыстарымен жазда демалысқа барғанда таныстық. Италияда отбасылық мерекелер дастархан басында өтпейді, өйткені олардың пікірінше кез-келген уақытта тамақ ішуге болады. Бастысы — қарым-қатынас.

Италияндық отбасылардың ерекше салты бар: жексенбілік түскі асты ананмен өткізуін керек. Сіз ол уақытта көшеде ешкімді кездестірмейсіз, өйткені барлығы анасымен түскі аста. Үлкендерге деген құрмет — қазақстандық қоғамды еске салады.

Италияндық отбасылардың ерекше салты бар: жексенбілік түскі асты аналарымен өткізу керек.


Балалардың тәрбиесінде өзіміздің алған тәрбиемізге сүйенеміз. Отбасында біз ағылшын стандарттарын ұстанамыз. Әр күнімізді жоспарлаймыз, барлығына жауапкершілікпен қараймыз. Бразилияда тұрғанымызбен балалар ағылшын мектебіне барады.

Әр күнімізді жоспарлаймыз, барлығына жауапкершілікпен қараймыз.


Кез-келген сұрақта оның неге осылай екенін түсіндіреміз. Мысалға, Англияда балалар сағат 6 — 7-де ұйықтайды, ал Бразилияда олар 9 — 11-ге дейін далада жүреді. Балалар кешкі уақытта серуендейміз дегенде, мен оларға далаға баруға болады, бірақ ертең ерте тұрасындар, кеш жатсаңдар ұйықыларын қанбайды деймін. Себебін түсіндіру маңызды. Қазақстанда бұл туралы көбінесе ұмытып кетеді.

Қазақстанда адамның жеке өмірі аз бағаланады. Кез-келген уақытта туыстарын келуі мүмкін, олар үшін шаруаларынан бас тарту керек. Біз балаларға адамның жеке өміріне көңіл бөлу керек деп үйретеміз, егер біреуге қонаққа барғың келсе, ескерт дейміз. Әр демалыс күні біз кімнің не қалайтыны бойынша уақытымызды жоспарлаймыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу