Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Терапевт-дәрігер салқын тигеннен пайда болатын ауру кезінде қандай шөптер қайнатпаларын ішу керек екені жайлы
5916

29.09.2017

Терапевт-дәрігер салқын тигеннен пайда болатын ауру кезінде қандай шөптер қайнатпаларын ішу керек екені жайлы

Клара Алигазинова, 60 жас, туған қаласы — Астана, жоғарғы дәрежелі терапевт-дәрігер, медициналық қызметтің қызметін доғарған подполковнигі


Аурудың ең басында дәрі-дәрмектік емдеуге қосымша қолдануға болатын бірқатар көмекші,алдын алу шаралары бар. Алайда, кез-келген шөптерді қабылдаудың алдында аллергияның жоқтығына көзініз жетуі керек.


Дененіздің сырқырауы, жұтқыншақтың жыбырлауы басталған кезде жөке шайынан бастау керек. Аурудың ең басында итмұрынның жемісінің тұнбасы жақсы көмектеседі: бір стақан қайнаған суға бір қасық имтұрын жемісі керек. Таңқурай мен қарақат – демдеуге қажетті жемістер мен жапырақтар. Бүкілін термоста дем деу жақсырақ болады. Осы шөптерді табуға қиын емес және олар шыңдығында көмектеседі, себебі олардың құрамында болған аскорбин қышқылы вирусты жұқпаларымен күресуге жақсы көмектеседі.


С витамині қосылған мол жылы сусын ішу керек: сәбіз шырыны, кез келген жеміс шырындарын, лимон, таңқурай. Олардың құрамында ауруды «тоқтатып алуға» көмектесетін С витаминінің қажетті мөлшері бар.


Иммунитеттің артуы үшін қызылкүреннен артық ештене жоқ


Егер ауру басып алса, симптоматикаға қарау керек. Жөтел кезінде киікоты, жебіршөп, өгейшөп, кеуде терімі қабылдау керек. Жөтел күшейе бастағанда, қызылмия тамыры көрсетілген.


Тұмау кезінде мұрынды теңіз суымен шаюға болады. Жарты шай қасығының тұзды жарты стақан қайнаған суға салып,шаю керек, содан соң қалыңқой тамызып алу керек: бір стақан қайнаған суға бір шай қасықты аралыстыру керек, сонда гайморит пен басқа да асқынулар болмайды. Осыдан кейін тамызуға болады.


Тамақты түймедақ қайнатпасымен шаюға болады. Осы жағдайда түймедақ – ең әсерлі дәрі.


Иммунитеттің артуы үшін қызылкүреннен артық ештене жоқ. Ол көп уақыттан бері қолданыста, толығымен зерттелген және шыңдығында көмектеседі.Имунитетті артуда С витамині мен А витамині жақсы көмектеседі.


Осындай қайнатпа әзірлеуге болады: термосқа итмұрын жемісінің ас қасығын салып, алма кесіп, лимон, қарақат жапырақтарын және кептірілген өрікті қосу керек


Және, әрине, бал — құрамында ағзамен жеңіл меңгерілетін, имунитетті артатын,бос радикалдарды шығаратын көптеген микроэлеметтер бар.


Осындай қайнатпа әзірлеуге болады: термосқа итмұрын жемісінің ас қасығын салып,алма кесіп,лимон, қарақат жапырақтарын және кептірілген өрікті қосу керек. Осының бәрінің үстіне қайнаған су құйып, бір түнге қойып қою керек. Таңертең құрамында калий, магний, А және С витаминдері бар нәрсу шығады.


Ауру кезінде тамақты бөліп жегені дұрыс болады — үлкен емес порциялармен,ағзаның әлсіремеуі үшін күніне алты-жеті рет.Тамақ жеңіл сіңірілетін, ақуызға толы болу керек: сорпалар,пісірілген ет немесе балық котлеттері, ірімшік.



Меню

Істер

Қала 24

Шолу