Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандық зергерлер ұлттық өрнекпен нақышталған сәнді әшекей бұйымдарын қалай жасайтындары туралы
13761

18.06.2017

Қазақстандық зергерлер ұлттық өрнекпен нақышталған сәнді әшекей бұйымдарын қалай жасайтындары туралы

TUMAR


IMG_1200.JPG


Надежда Чипирова, Мирный ауылы, TUMAR брендінің негізін салушы


TUMAR бренді менің әшекей бұйымдарына деген махаббатымнан туды, мен оған бала кезімнен қызығатынмын. TUMAR негізі қаланғанға дейін түрлі техникамен жұмыс істедім, алайда бір кезде қымбат металға көшу туралы ой келді. Қазір, негізінен, күміспен жұмыс істейміз.


Мен Қазақстанда жоқ бір нәрсе жасағым келді. Ұлттық стильдегі классикалық әшекей бұйымдары көп, бірақ бізде ұлттық стильдегі заманауи әшекейлер жетіспейді.


Мен заманға сай, сәнді әшекей бұымдарының моделін жасаймын, ал сурет пен өрнек арқылы ұлттық дүниемізді көрсетемін. Сұрыпталымда сырға, білезік, мойыналқалар, жеңілгектер бар.


3.JPG


Қазір TUMAR брендінің әйелдер әшекей бұйымдарының екі толық жиынтығы бар:


«Тамғалы» - түрлі-түсті, ыстық эмаль техникасымен орындалған, және «Сарыарқа» - дымқыл қарайту әдісімен орындалған.


IMG_1202.JPG


TUMAR брендінің негізгі мәні – уақыт алға жүреді, ал біз өзгереміз, мәдениет өзгереді. Алайда, түп тамырымызды ұмытпау қажет.


Әйелдер менің әшекей бұйымдарымды тағып қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырса екен деймін. Себебі, ыстық эмаль әдісі әшекейлерді он жылдықтан бойы сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана аксессуар емес, отбасы немесе ұрпақтар арасындағы байланыс белгісі.


IMG_1205.JPG


Қазір Қазақстанда дүкендеріміз жоқ, біз серуктес пен дистрибьюторлар іздеу үстіндеміз. Әшекей бұйымдарды Алматыдағы шеберханамыздан, сайтымыз бен Facebook парақшасынан сатып алуға болады.


JEK


111.jpg


Евгений Кузмин, 42 жаста, туған қаласы - Қарағанды, зергер-дизайнер


Ирина Кузмина, 36 жаста, туған қаласы - Арқалық, зергер-дизайнер


Жолдасым, Евгений, зергер және ол мұнымен 1996 жылы қымбат металдармен айналысатындар аз болған кезде айналыса бастады. Бірде мен шеберханаға зергерлік балауыз бойынша жұмыс істейтін оқушылар қажет екенін естідім. Бұл өте нәзік әрі әлсіз материал, сондықтан балауызбен көбінесе әйелдер жұмыс істейді. Осы шеберханада болашақ күйеуіммен таныстым. Қазір екеуміз де зергерміз, шеберханаларды жалға алып, бірге еңбектеніп жатырмыз.


Шетелдік достары мен серіктестеріне сыйлау үшін қазақы ою-өрнекпен безендірілген әшекейлерге тапсырыс берушліер өте көп. Еуропалық әйел оны таға алатындайғ оған үйлесетіндей болсын деп өтінеді. Сондықтан, біз классикалық ою-өрнектерді аламыз да, оны заманға сай қылып сәндейміз. Біз бұл стильді «Жасанды» деп атаймыз.


FullSizeRender-1.jpg


Бұйымның тарихы болуы тиіс. Біз зергерлік бұйымдарға оқиға құрастырғанды ұнатамыз. Мысалы, қобыздың пайда болуы туралы аңызды алып, осы бірегей аспаптың пайда болған ағаш түріндегі сақинаны, мойыналқаны жасадық.


Қазір біз әшекей бұйымдарын ыстық эмальмен күмістен жасаймыз. Көп уақыт бойы мұны істей алмадық, алайда дегенімізге жеттік. Эмальдің әдемі түстерін сатып алдық және оларды жарқырата түскіміз келеді.


22233.jpg


Әшекей оны тағатын әйел жанының нәзіктігін көрсетіп тұруы қажет. Біздің басты ерекшелігіміз – бұл бұйымдардың кері айналдырып қарағанда да жақсы көрінуі. Яғни, әшекейдің оң жағы деген жоқ, егер бұл құс түріндегі сырға болса, онда құстың екі жағында да тұмсығы мен қауырсыны бар. Күйеуім бұйымдарымыздың сапасына аса мән береді. Әйелдерге ыңғайлы болғанын қадағалайды.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу