Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

«Жаужүрек полкі»: болашағымыз үшін күрескен адамдар туралы 3 оқиға
14632

19.04.2017

«Жаужүрек полкі»: болашағымыз үшін күрескен адамдар туралы 3 оқиға

Сәуле Мусина, 53 жаста, туған қаласы — Астана, родолог-консультант, психолог-практик, Қазақстан кәсіби родологтар Лигасының Президенті



Менің туған атам — Татепбай Садыканов, 1894 жылы туған, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол 1942 жылы 15 шілдеде 48 жасында Жамбыл облысының Қордай аудандық әскери комиссариатына шақырылады. Соғыста ол қатардағы сарбаз болған.


Оның майдандағы жолы туралы ештеңе белгісіз, ол із-түссіз жоғалып кеткен. Кейінірек әжем аудандық әскери комиссариатқа көптеген хаттар мен өтініштер жазды, алайда оның өтініштері жауапсыз қалды. Мен Еуразия ұлттық университетіндегі Майдан Құсайынов басшылық ететін «Мемориалды аймақ» іздеу отрядының мүшесі бола жүріп, memorial.ru ЖДБ сайтындағы көп ақпаратты ескере отырып, атам туралы мәлімет таптым. Ол 1943 жылдың 15 тамызында ерлікпен қаза тауып, Орлов облысы, Жиздринское ауданы, Ловать ауылында жерленген екен.


Атам майданнан оралмаған соң әжем жесір, ал оның үш баласы жетім қалады. Үлкен ұлы Құрмаш 22 жасында соғысқа аттанып, 1945 жылдың мамырында қаза тапқан.


Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары бар ауыртпалық әжем мен балаларына түседі, сол кезде әкем он жаста болған.


Анамның жағынан тағы бір атам — Несіпбай Нұрбеков 1942 жылы 45 жасында соғысқа аттанып, оралмаған, із-түссіз кеткен. Ол туралы ақпарат жоқ, жақын арада бірдеңе тауып қалармын деген үмітпен іздеу үстіндемін.


2015 жылдың сәуірінде «Мемориалды аймақ» іздеу отряды біздің аталарымызды медальдармен марапаттады. Марапат алғаннан кейін аталарымның есімдері Ұлы Отан соғысының 70 жылдығының құрметіне тұрғызылған ескерткішке жазылды.


Мен — былтырдан бері «Жаужүрек полкі» координациялық кеңесінің мүшесімін. Биыл акцияға екінші рет қатысқалы отырмын. Жыл сайын бұл акция ауқымын кеңейтіп келеді. Соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтары олардың фотосуреттерімен қала көшелеріне шығады, және бұл адамдар өз аталарының портретін алып жүргенде батырларды еске алады, осы қозғалысқа қатысушылардың бойында күшті рух оянып, кеудесін мақтаныш сезімі кернейді. Бұл қозғалыс ата-тектің естелігі мен рухын, халықтың рухын оятады. Бұл ары қарай осы үдеріске қатысқан ұрпақтарымызға, балаларымызға, немерелерімізге беріледі. Мен батырларымызбен мақтанамын және оларға біз үшін жасаған ерліктері үшін зор алғыс айтамын.





Арман Әдбіқалықов, 46 жаста, туған қаласы — Бурабай, Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушысы


Менің атам — Әнуарбек Әбдіқалықов, 1912 жылы туған, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданының тумасы. 30-жылдары әскерде болып, кейін механизатор мамандығында оқыған. Ұжымдастыру кезінде алғашқы ұжымшарлар құрылып, алғашқы техника пайда болды. Атам сол кезде ұжымшардағы бірінші тракторшы-комбайншы болған. 1941 жылдың тамызында Әнуарбек атам 29 жасында майданға алғаш шақырылғандардың қатарынан табылды. Ол бірнеше рет хат жолдаған, алайда олар сақталмаған екен. Тек оның фотосуреті мен қолы қойылған газет қиындысы ғана бар, онда былай деп жазылған: «Ержүрек сарбаз-қазақ, взвод командирі — аға сержант Әнуарбек Әбдіқалықов». 1944 жылдың шілдесінде туыстары одан госпитальден шығып, майданға аттанып бара жатқаны жайлы ең соңғы хат алған. Жерленген қағазынан оның атқыштар полкінің 524 взводының командирі, Батыс майданының 22 әскері, 112 атқыштар дивизиясының командирі болғанын білдік. Старшина Әнуарбек Әбдіқалықов 1944 жылдың 18 шілдесінде қаза тапқан, Львов облысы, Бусское ауданы, Порады ауылының шетінде жерленген.


Әнуарбектің мінезі сабырлы, жайдары, ашық, күлімдеп жүретін, еңбекқор және ешкімге сөзге келмейтін болған.


Украинаға бармастан бірнеше жыл бұрын атам туралы білдім. Үйде ол жайлы ешқашан айтылмайтын. Әкем Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұраныс жіберіп, оның жерленген жерінің расталғаны туралы білді. Кейін Львов облысына сұраныс жіберіп, ол облыста Парады ауылының жоқ екендігі жөнінде жауап алдық. Осымен сүйегін табу әрекетіміз тоқтаған болатын. 2013 жылы мен Львов облысындағы АҚТЖ Бас басқармасындағы әріптестеріммен хабарласып, дұрыс мәлімет алдым. 2013 жылдың тамызында Львов қаласына бардым. Соғысқа дейін Бусское ауданында немістер өртеп жіберген Порады қыстағы болған екен. Соғыстан кейін бұл жерде ештеңе қалмаған, қаза тапқан солдаттардың сүйегін Бусское аудан орталығының зиратына жақын жердегі бауырлар мазарына жерлеген. Бұл зиратта менің атам Әнуарбек Әбдіқалықовтың есімі жазылған мемориалды тақта бар.


Мен биыл бірінші рет «Жаужүрек полкі» акциясына қатысамын. Ол туралы БАҚ-нан, сондай-ақ акцияның үйлестірушісі Алия Нурпайқызынан білдім. Әрқайсысымыздың ұмытпай, есте сақтайтын ата-бабаларымыз бар. «Жаужүрек полкі» акциясы кездейсоқ ұйымдастырылмаған деп ойлаймын, ұрпақтары жарқын болашаққа сеніп, Отаны үшін соғысқан аталарды еске алады. Ал енді немерелерінде бабаның гені бар, ауыр сынақтардан мұқалмай өткен ерлердің қаны бар. «Жаужүрек полкі» акциясы бұл мақтанышты қайта жаңғыртты.




Әлия Нұралиева, 33 жаста, туған қаласы — Павлодар, нотариус


Сәдуақас Бектасов — мені өсірген әжемнің туған ағасы. Павлодар облысы, Ертіс ауданынан майданға шақыртылғанда ол өте жас болған, әлі отбасы құрып үлгермеген. Орыс партизандық батальонының құрамында жүріп, Югославияға дейін жеткен және 1945 жылдың 25 қаңтарында Триест қаласын фашистерден қорғауға қатысқан. Әжем оны өмір бойы іздеп, күтті. Біз сұраныс жібердік, туыстарымыз кеңес кезінде іздеп те барды. Жақындарының ешқайсысы ол туралы өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін ештеңе білмеді, тек сол кезде ғана үйге Мәскеуден поштамен Солтүстік Италия аумағында, Отлица қаласында жерленгені туралы мәліметі бар кітап келді.


2013 жылдың мамырында Еуропаға жолым түсті. Ғаламтордан оған және оның партизандық отрядындағы адамдарға арнап Италияның Триест қаласында ескерткіш орнатылғаны жайлы білдім. Сол жерге барып, қаланы шарлап, арасында атамның тегі бар Ұлы Отан соғысы қатысушыларының тегі жазылған әскери зиратты таптым. Бұл ескерткіштен бөлек, ол жерде жерленген адамдардың ішінде қазақ, мүмкін қырғыз шығар, әзірбайжан, өзбек, шешен, ингуш аттары мен тектері көп.


Кейін мен Отлица ауылын іздеуге Солтүстік Италия, Гориция облысына бардым. Ол жер Италияның шеткі бекеті, Италия мен Словенияның шекарасы екен. Полиция қызметкерлері бұрын Югославияныкі болғанымен, қазір Отлица Словенияның жері екенін түсіндірді. Мен шекарадан өтіп, словениялық Нова-Горица қаласына бардым. Онда Рино Великоня мырза жетекшілік ететін, бар өмірін ҰОС, қатысушылары мен сол оқиғалар жөніндегі жарқын естеліктерді сақтау туралы мәліметтерді іздеп, талдау, жүйелеуге арнаған «Күрестер жұлдызы» ұйымын таптым. Өкінішке орай, уақыт тапшы болғандықтан, біз атамның зиратын іздеуге болатын тауға көтеріле алмадық, ал тауда жерленгендердің көпшілігі туралы ақпарат жазылған тізімде атамның есімі болған жоқ. Мен тағы да келіп, міндетті түрде атамыздың жерленген орнын табамыз деп уәде еттім.


Ұйым қызметкері сол соғыс жылдарын айтып жылады. Ол орыс және азиат тұрпатты партизан отрядының солдаттарының олардың қыстағына келгенін, оның ата-анасы, ауыл тұрғындары, қарапайым халықтың оларға көмектесіп, емдеп, тамақтандырғанын, сол кезде Муссолини ізбасарлары мен басқа да фашистік ұйымдардың оларды іздеген кезінде жасырғанын айтып берді.


Мен «Жаужүрек полкіне» родолог әрі акция үйлестірушісі – Алия Сагимбаеваның және журналист Аида Баймакованың арқасында қатысудамын. Мен олардан сұрастырып жүріп, ақпараттарды біліп, ерікті болып жазылдым. Былтыр 9 мамырда біз Astana Mall СОСО-нан «Отан Ана» монументіне дейін жүріп өттік, қатысушылар өте көп болды, ауырлық, көз жасы, бәрі де бұл үдеріске қатысты. Барлығы түрлі өлшемдегі әрі түрліше безендірілген фотосуреттермен, біреулер ленталармен, жалаушалармен келді.



Бұл акция, шүбәсіз, ұлы іс, ұрпақтар арасындағы байланыс. Бұл акцияны біз соғыс аяқталған соң бірден қолға алуымыз керек еді. Посткеңестік кеңістіктегі әр отбасында дерлік осы соғыспен байланысты адамдар бар. Соғыс болмасын, бұл акция сондай оқиғалардың алдын алатын болсын. Бұл қозғалысқа қатысуымыз — батырларымызды жадымызда сан ғасырлар бойы сақтау. Мен үшін бұл өте маңызды және осы үшін шара ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу