Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Атырауға жолыңыз түссе
6012

28.07.2017

Атырауға жолыңыз түссе

Атырау — өзінің аптап ыстығымен, қызыл балығымен және мұнайымен танымал қала. Қаланы бойлай Орал өзені ағып жатыр. Осындай әдемі қаланың таланттары да аз емес. WE қауымдастығының мүшесі Әлібек Мұхит және жақсы танысымыз Қымбат Бақтығалиева Атырауға жолыңыз түссе, қайда бару керектігі жөнінде құнды мәліметтер берді.


Орал өзенінің жағалауы


набережная.JPG


Жағалауда серуендеушілердің қатары қысы-жазы бір толастаған емес. Жаз айларында аттап бассаңыз болды, велосипед, ролик, карусель, балмұздақ сияқты демалысқа қажеттінің бәрін табасыз. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерді ең сүйікті демалыс орындарының бірі санайды.


Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық музейі де осы Атырау қаласында. Музей бар болғаны екі залдан тұрады. Мұндағы жәдігерлердің (экспонат) барлығы да нағыз түпнұсқа, олардың көбісі Атырау облысынан табылған. Музейдің тағы бір ерекшелігі, барлық экспонаттарды бір ғана адам – өлкетанушы-палеонтолог Юрий Пастуховтың жинауы. 20 жыл бойы Юрий Пастухов өзінің оқушыларымен бірге облыс бойынша экспедицияларға шығып, планетамыздың өткенінен дерек беретін бірегей жәдігерлерді жинады.


Мекенжайы: Әуезов, 1
Байланыс тел.: 8 702 352 60 78




Құдай ана успен соборы


собор.jpg


Атыраудың дәл орталығында қаладағы ең ескі, әдемі ғимараттардың бірі Успен Соборы орналасқан. Бұл Собор Қазақстандағы әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан ескі храмдардың қатарына кіреді және республикалық маңызы бар сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. Успен Соборы 1888 жылы қаладағы ең бай адамдардың бірі, саудагер Ф. Тудаковтың жеке қаражатына салынған. Собор күйдірілген тастан (кірпіштен) тұрғызылған, храмның ұзындығы 45 метр, ал ені 14 метр, ең биік тұсы 40 метрге дейін жетеді.


Мекенжайы: И. Тайманов, 4
Байланыс тел.: 8 7122 271 035, 271 226




М. Өтемісұлы атындағы облыстық драма театр


театр 1.jpeg


театр.jpeg


Атыраудағы мәдениет орындарының бірі – М. Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры. Бұл театр еліміздегі ең көне қазақ театрларының қатарында, ол 1938 жылы Халық комиисариатының шешімімен «Нефтяник» клубының негізінде ашылған. Ал 2006 жылы театр ғимаратына күрделі жөндеу дұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда театр ұжымында 165 қызметкер бар, оның 64-і шығармашылық қызметте.


Драма өнеріне қызығушылық танытушы қала тұрғындары мен қонақтарына театр есігі әрдайым ашық.


Мекенжайы: Абай, 8
Байланыс тел.: 8 7122 328 861, 322 177




Booblik француз аспазханасы


бублик.jpg


Кешкілік отырыстар мен демалыс күндері балалармен уақыт өткізуге таптырмайтын жайлы жер. Бұл жерде өздері әзірлеген балмұздаққа, көптеген келушілердің сүйікті асына айналған, дәмі тіл үйіретін тауық еті қосылған панини мен «Цезарь» салатына, орайы келсе тортқа да тапсырыс беруге болады. Жаз мезгілінде аспазханада қысқы бақ жұмыс істейді, осылайша ас мәзірі мен атмосферасы француз стиліндегі кафе келушілердің сүйікті орнына айналған.


Мекенжайы: Азаттық даңғ., 17 В
Байланыс тел: 8 7122 321 313




«Хан ордалы сарайшық» музей-қорығы


хан ордалы.jpg


Атырау қаласынан 20-30 минуттық жерде «Хан Ордалы Сарайшық» – бірегей мемлекеттік мұражай қорығы орналасқан. Мұнда құпияға толы Ұлы дала тарихы өз әлемін ашады. «Хан Ордалы Сарайшық» 1999 жылы көптеген жылдар бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдар жинаған нысандар мен экспонаттар негізінде ашылды. Өкінішке қарай, бұл көне қаланың Орал өзенінің шайып кетуіне байланысты, су астында қалу қаупі бар. Дегенмен археологиялық қазба жұмыстары көне қаланың келбетін және байырғы тұрғындар тұрмыста қолданған заттарды сақтап қалуға мүмкіндік берді.


Мекенжайы: Сарайшық ауылы, Казретмырзағали, 11
Байланыс тел: 8 7123 625 506




Палеонтологиялық музей


палеонтологический.jpeg

Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық музейі де осы Атырау қаласында. Музей бар болғаны екі залдан тұрады. Мұндағы жәдігерлердің (экспонат) барлығы да нағыз түпнұсқа, олардың көбісі Атырау облысынан табылған. Музейдің тағы бір ерекшелігі, барлық экспонаттарды бір ғана адам – өлкетанушы-палеонтолог Юрий Пастуховтың жинауы. 20 жыл бойы Юрий Пастухов өзінің оқушыларымен бірге облыс бойынша экспедицияларға шығып, планетамыздың өткенінен дерек беретін бірегей жәдігерлерді жинады.


Мекенжайы: Әуезов, 1
Байланыс тел.: 8 702 352 60 78



Меню

Істер

Қала 24

Шолу