Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/15b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/15b038addec57d9d1a8834b972ee93df.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Шетелдіктер Қазақстанды қалай елестетеді: стереотиптер мен шындық
3515

17.01.2020

Шетелдіктер Қазақстанды қалай елестетеді: стереотиптер мен шындық

Нұр-Сұлтан — кеңес архитектурасы жоқ заманауи қала

иностранцы в Казахстане (1).jpg

Елорданы жиі сол жағалаудың бейнероликтері мен фотосуреттері бойынша елестетеді. Сондықтан кейбіреулері үшін еліміздің бас қаласының түрлі бөліктерінде кеңестік ғимараттардың болуы таңқаларлық нәрсе.

Қазақстан — көшпелі ел

иностранцы в Казахстане (3).jpg

Алыс шетелдерде тұратын адамдар Қазақстан туралы дұрыс емес пікір қалыптастырады. Егер шетелдік іздеу жүйелерінде еліміз туралы ақпаратты іздесеңіз, Қазақстан тауларымен, киіз үйлерімен, жылқылардың көптігімен және көшпелі өмір салтымен байланысты екенін көресіз. Тек мұнда болған, саяхатшылар елдің қаншалықты замануи және дамыған екенін түсінеді.

Нұр-Сұлтан — елдегі жалғыз туристік қала

иностранцы в Казахстане (2).jpg

Географияны зерттей отырып, адамдар әдетте мемлекеттің астанасын есте сақтайды. Сондықтан елдің астанасы әрдайым бірінші орында . Бірақ, Нұр-сұлтаннан басқа, Алматы да Қазақстанның дамыған туристік қалаларының бірі. Келушілердің пікірінше, ол шетелдіктер үшін ыңғайлы қала. Өйткені, онда ағылшын тіліндегі көрсеткіштер мен қосымшалар бар, сатушылар мен даяшылар шетел тілдерін меңгерген.

Қазақстан дамуы жағынан Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қырғызстан, Ауғанстанға ұқсас

Тек Қазақстанға келген кезде, шетелдіктер біздің еліміздің бірегей және заманауи екенін түсінеді.

Қазақстанның табиғаты ерекше

иностранцы в Казахстане (5).jpg

Елді өз көзімен көрмей тұрып, оны елестету қиын. Алматы таулары, Шарын шатқалы, Көлсай, Қайыңды көлдері, Үлкен Алматы көлі, Шымбұлақ көптеген келушілердің сүйікті табиғаты көрікті жерлеріне айналды. Шетелдіктердің пайымдауынша Қазақстанның табиғаты келген қонақтарды өзіңе ғашық ете алатындай дәрежеде.

Шетелдік фотографтар мен блогерлер Қазақстанның ерекше орындарын түсіруді жақсы көреді.

Қазақстанның қалалары елорда сияқты дамыған

иностранцы в Казахстане (4).jpg

Жақын шетелдердің саяхатшылары Қазақстанды индустриялық бай ел ретінде таниды, сондықтан оның даму деңгейін жоғары бағалайды. Елді аралаған адамдар ауылдарда және шағын қалаларда өмір сүру және инфрақұрылым деңгейі елордадан алыс екенін түсінеді.

Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Nui Thsai, Ким Джин Хёнға — @kevinlove86, Котэ Минасашвилиге — @eagle_tour_georgia, Полина Устиноваға — @polinaleman алғыс білдіреміз.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу