Айгерім Мұсағажинова, 32 жаста, туған қаласы — Астана, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Sharman өнімдерінің Астанадағы ресми дистрибьюторы
13 жыл бойы қазақ мәдениетін зерттеумен айналыстым. Адамдарға қазақ тағамдары мен өнімдерінің бірегейлігін көрсеткім келді. Сондықтан, бие сүтінен жасалған шоколад авторы Төрегелді Шармановпен танысқаннан кейін шоколадтың жасалу жолына қызықтым. Бір жыл бойы Sharman өнімдерін зерттеп, зауытқа барып, өндіріс үдерісін өз көзіммен көрдім.
Бұл шоколад құрамымен ерекше, себебі оның құрамында қант жоқ. Қант диабетімен, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын және артық салмақтан зардап шегуші адамдарға тұтынуға болады. Ол дұрыс тамақтанатын адамдарға да өте пайдалы
Бұл шоколад құрамымен ерекше, себебі оның құрамында қант жоқ
«Ұлытау» ұлттық салауатты тамақтану орталығы шоколадтан бөлек консерванттар мен қантсыз балмұздақ, сүзбе, йогурттар мен бие сүті негізіндегі балалар сүт сусындарын шығарады.
Шоколадтың ерекшеліктері
Sharman бие сүтінің пайдалы қасиеттерін ашады. Бұл шоколадтың басты ерекшелігі. Сүт дәрумендерге бай, жеңіл қорытылады әрі басқа сүтке қарағанда құрамында адам денсаулығына зиян келтіретін май жоқ.
Нағыз шоколадтың шөлдетпейтіні сияқты Sharman шоколадынан кейін де шөлдемейсің. Құрамына Кубадан әкелінетін какаоның жоғары сорттары қосылады.
Нағыз шоколадтың шөлдетпейтіні сияқты Sharman шоколадынан кейін де шөлдемейсің
Шоколад табиғи талшықты мақтадан жасалған қапшықтармен, сондай-ақ эко-қаптамамен сатылады. Бұл да өте маңызды, онда зиянды заттар болмағандықтан, өнімнің қасиеттеріне еш әсер етпейді.
Бие сүтінен жасалған шоколадтың дәмін татып көргісі келетіндер үшін
Алматыда
Мекен-жайы: Төлеби к., 127, «Тайбурыл» ЖШС
Астанада
Байланыс телефоны: 8 775 237 15 62